07.07.2022, 18:54 31831

Қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ - Ақордада Тоқаевтың тапсырмасына түсініктеме берілді

Қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ - Ақордада Тоқаевтың тапсырмасына түсініктеме берілді
НҰР-СҰЛТАН. 7 ШІЛДЕ - Ақордада Мемлекет басшысы бүгін еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаға түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Бұл жерде, ең алдымен, геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан көмірсутегін халықаралық нарықтарға жеткізу бағыттарын әртараптандыру туралы сөз болып отыр. 
 

Жиында жаңа көлік дәліздерін ашу мәселесі талқыланды. Бұл бір күндік жұмыс емес, ұзақ мерзімді жоспар. Шын мәнінде, қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ. Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді. Оның мүддесіне нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекеттерге жол берілмейді. Қазақстан тарапына қатысты да осындай әрекеттер жасалмайды деп үміттенеміз", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны