15.11.2023, 14:12 24886

Адам зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полиция басқармасының басшысы екі айға қамауға алынды

Қаулы заңды күшіне енген жоқ
Адам зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған полиция басқармасының басшысы екі айға қамауға алынды
Сурет: Depositphotos
Адам зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды облыс сотының баспасөз қызметінен.

2023 жылғы 14 қарашада сот қаулысымен күдікті К. қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын екі ай мерзімге санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды",-деп хабарлайды баспасөз қызметінен.


Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Талдықорған қаласының полиция басқармасының бастығы облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны