29.05.2009, 15:14 1384

Ақмола облысының Қорғалжың ауданында егістік жұмыстарына арналған 200 литр жанар-жағармай ұрланды

Ақмола облысының Қорғалжың ауданында егістік жұмыстарына арналған 200 литр жанар-жағармай ұрланды

Көкшетау. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысының Қорғалжың ауданында егістік жұмыстарына арналған 200 литр жанар-жағармай ұрланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД-нің хабарлауынша, "ұрлық ұзаққа созылған жаңбырға байланысты ауылшаруашылығы техникасы егіс алаңдарында жұмыссыз тұрған кезде тапа-тал түсте жасалған. Ұрымтасл тұсты пайдаланған қаскүнем 200 литрге жуық дизельдік отынды егіс алқаптарында тұрған тракторлардан құйып алған".

"Ұрлық туралы полицияға жергілікті кәсіпкер - шаруа қожалығының қожайыны хабарлаған. Осыдан кейін полицияның араласуымен ұрыны ұстау мүмкін болды. Осы шаруашылықтың 20 жастағы жұмысшысы ұрлық жасаған боылп шықты. Ол ұрланған солярканы сатып үлгерген", - деп хабарлайды полициядағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны