18.06.2012, 18:06 3490

Ақсақалдар мәжіліске барып, аралап көрді - баспасөз баяны

Жамбыл облысының Шу ауданынан келген бір топ ақсақалдар аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен егемен елдің ордасы - Астананы аралап жүр. Тәуелсіз елінің жүрегінің көрікті жерлерін, ғажайып ғимараттарын көріп, үлкен әсер алды.

Жамбыл облысының Шу ауданынан келген бір топ ақсақалдар аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен егемен елдің ордасы - Астананы аралап жүр. Тәуелсіз елінің жүрегінің көрікті жерлерін, ғажайып ғимараттарын көріп, үлкен әсер алды.

Соғыс және еңбек ардагерлері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Мәжілістегі "Нұр Отан" ХДП фракциясының мүшелері Қожахан Жабағиев пен Оразкүл Асанғазының шақыруымен Парламент Мәжілісінде болды. Палата ғимаратын аралап, мұражайын, Бірлескен отырыс залы мен жалпы отырыс залын көрді. Депутаттар елдің аманатын алып келген ақсақалдармен кездесу жасап, Парламенттің құрылымымен таныстырып, заң шығару қызметі жайында әңгімелеп берді. Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың халық қалаулыларының алдына қойған міндеттеріне тоқталып, биылғы Жолдауындағы тапсырылған бағдарламаларды орындау жайынан хабардар етті.

Кездесуде Шу ауданының Құрметті азаматтары - аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәруархан Заурбаев, "Дала қайнар" ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жомартбек Балтабаев, Ленин орденінің иегері болған Ермекбай Байжанов, Шу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуанышбек Қарғабаевтар елордаға келгеннен алған әсерлерін айтып, осы бақыттың бәрі Тәуелсіздіктің арқасы, Елбасының сара жолының жақсылығы екендігін айтып толғана сөйледі.

Ақын Сағи Жиенбаев "дария кеуде, тау мүсін" деп жырлағандай, аса қадірлі қариялар "Нұр Отан" партиясынан сайланған қалаулыларына ризашылықтарын білдіріп, туған жердің тілегін жеткізді.

Ардагерлер қаланың көрікті жерлерімен танысып, Назарбаев орталығы, Бірінші Президент мұражайы, Бейбітшілік және келісім сарайы мен "Бәйтерек" монументінде болды. "Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешені мен "Думан" ойын-сауық орталығын аралаған қонақтарға Есіл өзенінде теплоходпен экскурсия ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны