31.03.2009, 18:51 7192

Алматы қаласы бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа "БТА Банкпен" аффилирлік байланыста болған фирмаларға қатысты 4 талап арыз берілді

Алматы қаласы бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа "БТА Банкпен" аффилирлік байланыста болған фирмаларға қатысты 4 талап арыз берілді

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласы бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа "БТА Банкпен" аффилирлік байланыста болған фирмаларға қатысты 4 талап арыз берілді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі күнде прокуратура органдары "БТА Банктің" мыңдаған салымшылары мен акционерлерінің мүдделеріне елеулі залал келтірген заңсыз мәмілелерді ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр",- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, мәселен, Алматы қаласы бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа 4 талап арыз берілді

"2009 жылдың 16 наурызында - "Bonus TH" ЖШС-ға банк алдындағы 10 млрд. теңгеден астам міндеттемелерді орындау мерізімін созу туралы қосымша келісімді жарамсыз деп табу жөнінде арыз берілді. Сондай-ақ, тағы сол күні "Hilberton Trading Ltd" компаниясына банк алдындағы 988 млн. теңгеден астам міндеттемелерді орындау мерізімін созу туралы қосымша келісімді жарамсыз деп табу жөнінде шағым жасалды, деді С.Нұрпейісов.

Оның мәліметінше, бұған қоса 2009 жылдың 16 наурызында "НСК - Капитал" ЖШС мен "Ависта Ltd компаниясына" несиелік келісімшарт пен қосымша келісімді жарамсыз деп тауып, тараптарды бастапқы жағдайға келтіру жөнінде шағымданды, бұл шара банк пайдасына 9,5 млрд. теңге өндіріп алуды көздейді.

Ал 009 жылдың 20 наурызында "SEERIA Alliance Ltd" (Ұлыбританияның Виргиния аралдары) кепілдеме келісімшарттары мен қосымша келісімдерді жарамсыз деп табу жөнінде (банкте кепілдемеде тұрған ұшақтарды жақын арада келіп түседі делінген соя текстуратына айырбастау эпизоды) арыз берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны