06.05.2018, 12:01 9571

Алматы қаласында 42 шақырым арық жүйелері жаӊартылуда

Алматы қаласыныӊ Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қаланыӊ 8 ауданында 42 шақырым арық жүйелерін жаӊартуға Жобалық сметалық құжаттама дайындап, 2018 жылдыӊ басынан іске асырылуда, -деді Ерлан Илібеков.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында Алматы қаласыныӊ ТЖД бастығыныӊ орынбасары Ерлан Илібеков журналистердіӊ қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.

Ерлан Илібекұлыныӊ ақпаратына сүйенсек, Қазгидрометтіӊ мәліметтеріне сәйкес, Алматы қаласыныӊ таулы аймақтарындағы жинақталған қардыӊ нормасы қалыпты және өткен жылмен салыстырғанда қардыӊ көлемі екі есеге аз. Жауын- шашынныӊ мөлшері нормадан орташа есеппен алғанда 15-20 пайызға төмен. Өткен жылғы кезеӊмен салыстырғанда, биылғы жауын-шашынныӊ мөлшері 50 пайызға аз.

2017 жылы Алматы қаласы әкімдігініӊ басшылығымен Алматы қаласыныӊ Алатау, Иуезов, Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында жалпы қашықтығы 30 шақырымды құрайтын арық жүйелері салынып, сондай ақ Есентай (9 шқ), Қимасар (1,1 шқ) және Жарбұлақ (0,4 шқ) өзендерініӊ жекелеген бөліктерінде жағалауды беріктендіру мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қала әкімініӊ қорынан бөлінген 1,4 млрд.теӊгеге Алатау мен Наурызбай аудандарын су тасқыны болу қаупі бар бөліктерінде 1,2,3 шақырым арық жүйелері мен жауын кәріздері салынып, Алатау ауданындағы "Энергостроитель" және "Теплоэнергетик" саяжайларынан өтетін "Қарғалы" өзені арнасыныӊ 4,8 шақырымы бетондалды. Онымен қоса, 2017 жылдыӊ қыркүйегінде Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзені арнасындағы (жалпы сомасы 2,2 млрд.теӊгеге) апатты-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, бүгінгі таӊда Қарғалы өзенініӊ су өткізу мүкіндігі 20м3 дейін жоғарылады (бұрын 5-7 м3 болған).

"Су тасқыны қатерлерініӊ алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені" жол картасы шеӊберінде Есентай (Абай даӊғылы), Жарбұлақ (Қабанбай батыр, Иштван көшелері) және Кіші Алматы (Елебеков, Майлин көшелері) өзендерінен өтетін 6 көпір күрделі жөндеуден өтті (575 млн. 605 мыӊ теӊгеге).

Медеу-Шымбұлақ автожолындағы Кіші Алматы өзенінен өтетін 1 көпірді жөндеу жұмыстары 2018 жылға жоспарланған (сомасы 262 млн.451 мыӊ 216 теӊге).

Алматы қаласыныӊ Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қаланыӊ 8 ауданында 42 шақырым арық жүйелерін жаӊартуға Жобалық сметалық құжаттама дайындап, 2018 жылдыӊ басынан іске асырылуда, -деді Ерлан Илібеков.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны