17.11.2011, 10:29 4234

Алматыда екі полицейді өлтірді деген күдікпен ұсталғандардан автомат пен тапанша тәркіленді

Алматыда полицейлерді өлтірді деген күдікпен ұсталғандардан қару мен оқ-дәрілер алынған.

Алматы. 17-қараша. Kazakhstan Today - Алматыда екі полицейді өлтірді деген күдікпен ұсталғандардан автомат пен тапанша тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда полицейлерді өлтірді деген күдікпен ұсталғандардан қару мен оқ-дәрілер алынған. Бұл туралы Алматы қаласының ІІД бапасөз қызметінен хабарлады.

"Алматы ІІД қызметкерлері полицейлерді өлтіруге қатысы бар деген бірнеше адамды ұстады. Тінту барысында олардан 2 "Макаров" тапаншасы, 1 "Калашников" автоматы мен көптеген оқ-дәрілер алынды", - деп бейсенбі күні баспасөз қызметінен хабарлады.

ІІД хабарлауынша, қазір ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Естеріңізге сала кетсек, 8 қарашада Алматының Иуезов ауданында 9 мм-лік қарудан, болжам бойынша Макаров тапаншасынан, Алматының патрульдік полициясының екі полицейі атып өлтірілген болатын. Полиция старшинасы Мақсат Дабылов алған жарақаттан бірден қаза болып, оның серіктесі - полиция старшинасы Ғалымжан Ибдіров реаномобиль автокөлігінің ішінде жан тасырды. Сарапшылар қаза болғандардың денесінен 5 рет оқ тигенін, біреуіне - 3, екіншісінен - 2 оқтың орындарын анықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны