30.11.2022, 15:49 18101

Алматының коммуналдық меншігіне 84 жаңа жылжымайтын мүлік объектісі өтті

Алматының коммуналдық меншігіне 84 жаңа жылжымайтын мүлік объектісі өтті
Мемлекет меншігіне берілген нысандар арасында мектептер, көп қабатты үйлер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар
 
Алматы. 30 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, Алматы қаласының коммуналдық меншігіне жаңадан салынған 84 жылжымайтын мүлік нысаны қабылданды. Олардың арасында жаңа салынған 18 білім беру нысаны (оның ішінде мектептерге жалғанып салынған 14 жапсарлас құрылыс); 63 көппәтерлі тұрғын үй және 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абзал Егембердиев айтты.
 
Брифингте 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 1 қарашасына дейін Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына сәйкес жаңадан салынған 32 инженерлік нысан қаланың коммуналдық меншігіне қабылданғаны белгілі болды. Бұл тізімде су және кәріз желілері, құрылыс және автокөлік жолдарын реконструкциялау нысандары, сыртқы жарықтандыру, телефон желілері мен жол белгілері, жылу желілері, саябақ мүлкі және т.б. бар.
 
Сонымен қатар, Егембердиевтің айтуынша, жыл басынан бері қаланың сенімгерлік басқармасына кейіннен сатып алу құқығынсыз 5 нысан берілген:
 
  • 5 жыл мерзімге дейін сатып алу құқығынсыз 20 санитарлық-гигиеналық торап;
  • 5 жыл мерзімге дейін сатып алу құқығынсыз ауған соғысына қатысқан ардагерлер мен мүгедектерді қолдау бойынша орталық ашу үшін Әуезов ауданы, 5 ықшам ауданы, 58 А мекен жайында орналасқан ғимарат;
  • 5 жыл мерзімге дейін сатып алу құқығынсыз Алатау ауданы, Солтүстік айналым, 58/3 мекен жайы бойынша орналасқан ақыл-кемістігі бар адамдарға қолдау көрсетуге арналған "Тренинг-кафе" ашуға арналған ғимарат;
  • Жетісу ауданының "Бақытты отбасы" орталығын ашу үшін Жетісу ауданы, Жансүгіров көшесі, 65/34 үй, Ломоносов көшесінің бұрышы мекен жайында орналасқан ғимарат;
  • Алмалы ауданының "Бақытты отбасы" орталығын ашу үшін Наурызбай батыр көшесі, 106а мекен жайында орналасқан ғимарат.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны