12.01.2023, 13:46 32796

"АрселорМиттал Теміртауды" кешенді тексеру үшін халықаралық консультанттар тартылды

"АрселорМиттал Теміртауды" кешенді тексеру үшін халықаралық консультанттар тартылды
Олар кәсіпорынның қаржылық, техникалық және экологиялық аудитін жүргізеді

Астана. 12 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Үкіметте "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына кешенді тексеру жүргізу мәселелері талқыланды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және оның кеңесшісі Биджу Наирмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Әлихан Смайылов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Премьер-Министр "АрселорМиттал Теміртауға" кешенді аудит жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шараларына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Бұған дейін Бас прокуратура "АрселорМиттал Теміртау" қызметіне тексеру жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны