13.05.2014, 20:50 1282

Астанада әскери оркестрлердің парады өтеді

Искери оркестрлер "KADEX-2014" көрмесінде Есіл өзені жағасында концерттік бағдарламалар қояды, Республика даңғылы бойында парад шеруін өткізеді.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. 2014 жылғы 21-25 мамыр аралығында Астана қаласында әскери үрмелі оркестрлердің екінші халықаралық фестивалі өтеді.

Үрмелі оркестрлер фестивалі "KADEX-2014" үшінші халықаралық көрме аясында ұйымдастырылмақ. Оған ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі, ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның Орталық оркестрі, сондай-ақ Түркия, АҚШ және Францияның әскери оркестрлері қатысады, деп қорғаныс министрлігінде хабарлады.

Искери оркестрлер "KADEX-2014" көрмесінде Есіл өзені жағасында концерттік бағдарламалар қояды, Республика даңғылы бойында парад шеруін өткізеді.

Сонымен қатар, үрмелі оркестрлер қала тұрғындары мен қонақтарының назарына "Tottoo show" бағдарламасын ұсынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны