29.09.2010, 16:53 4150

Астанада ХҚКО ауласында оның күзетшісін өлтіріп кетті

Бүгін Астанада Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының ауласында оның күзетшісін өлтіріп кетті. Бұл туралы бүгін ІІМ өткен баспасөз мәслихатында Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары Берік Біләлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының ауласында оның күзетшісін өлтіріп кетті. Бұл туралы бүгін ІІМ өткен баспасөз мәслихатында Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары Берік Біләлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Күзетшіні өлтіріп кеткен, қазіргі уақытта арнайы топ тергеу жүргізіп жатыр. Қандай да бір (ХҚКО - агенттік ескертпесі) шабуыл болмаған",- деді Б. Біләлов.

Б. Біләлов аталған адам өлтіру фактісі қандай жағдайға байланысты жасалғандығы және қастандық ХҚКО қызметіне байланысты болғаны не болмағаны жөнінде ешбір ақпарат бере алмады.

Оның айтуынша, қылмыскер әлі ұсталған жоқ. Жедел іздестіру шаралары өтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны