08.12.2012, 11:35 2076

Астанада ҚР Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысқа Президент Икімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, қазақстандық ҮЕҰ жетекшілері, халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста мәдениет және ақпарат, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің V Азаматтық форумның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі есептері тыңдалды, халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы, "Орталық Азияның Еуразия Қоры" Корпоративтік қорының жобалары таныстырылды.

Үйлестіру кеңесінің төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Мемлекет басшысының "Илеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам" мақаласында берілген міндеттері аясында мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ әріптестіктерінің аса маңыздылығын атап өтті.

"Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева VI Азаматтық форумға дайындық барысы және оны өткізу туралы баяндады.

Іс-шараға келгендер "Астана қаласы ҮЕҰ қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған 2012 жылғы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысты. Илеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі ҮЕҰ үздік жобалық ұсыныстарын шоғырландыру мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша өтетін дәстүрлі шара.

Ағымдағы жылы жәрмеңкеге қатысу үшін 70-тен астам өтініш келіп түсті. Елдегі үкіметтік емес ұйымдардың ұсынған 35 жобасы лауреат атанып, дипломдармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Іс-шараға қатысушыларға ҮЕҰ идеялары мен жобаларының безендірілген каталогы үлестірілді. Каталогтың электрондық нұсқасы www.npoastana.kz. сайтына орналастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны