01.10.2025, 21:53 58161

Астанада XII Азаматтық форум қарсаңында энергетика саласындағы цифрландыру мәселелері талқыланды

2025 жылы 1 қазан күні Астанада Қазақстанның XII Азаматтық форумына дайындық аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесуге министрліктің құрылымдық бөлімшелер басшылары, Қазақстанның Азаматтық альянсы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері және 30-дан астам үкіметтік емес ұйым қатысты.

Жиында азаматтық қоғаммен өзара байланыс мәселелері және энергетика саласын цифрландыру бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдар өкілдері сұрақтар қойып, жауап алды.

Айта кетейік, мұндай кездесулердің мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуда және әріптестікті дамытуда ықпалы зор.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны