16.12.2025, 11:19 21811

Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан Президенті жеделхатта Чили елінің алдағы уақытта қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделі арта түсетініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Касттың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Чили халқына құт-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны