04.04.2014, 20:45 3070

Атырауда "Atyrau Oil & Gas 2014" және "Atyrau Build 2014" атты ірі көрмелері өтті

"Атырау" спорт кешенінде "Atyrau Oil & Gas 2014" және "Atyrau Build 2014" мұнай-газ және құрылыс мәселесіне арналған аймақтағы ең ірі көрме өтті.

Алматы. 4 сәуір. Kazakhstan today. "Атырау" спорт кешенінде "Atyrau Oil & Gas 2014" және "Atyrau Build 2014" мұнай-газ және құрылыс мәселесіне арналған аймақтағы ең ірі көрме өтті.

Жобаларға ресми қолдау көрсетіп отырғандар ҚР Мұнай және газ министрлігі, ҚР Аймақтық даму министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-сы, Атырау облысы және Атырау қаласының әкімшіліктері, Қазақстандық мұнайшы-геологтардың қоғамы болып табылады. Ал, көрменің ұйымдастырушылары - Іteca (Қазақстан) және ITE Group PIC (Ұлыбритания) компаниялары, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Ал, "Atyrau Build 2014" көрмесіне қатысушылардың 80 пайызы "Құрылыс", "Интерьер", "Жылыту және желдету", "Терезе, есік және қасбет", "Керамика және тас", "Жол құрылысы" бөлімдері отандық компанияларды кеңінен таныстыруда.

Айта кету керек, "Atyrau Oil & Gas 2014" көрмесіне Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Нидерланд Патшалығы, Ресей, Румын, Түркия, Украина және Швейцарияның 140 компаниясы қатысуда. Биылғы жылы көрменің дәстүрлі секторларынан басқа, "Жабын құбырлардың тотығуға қарсы жобасы" және "Мұнай-газ өнеркәсібіндегі пісіру" бөлімдері алғаш рет ұсынылып отыр. Ұйымдастырушылар мұнай құбырлары мен мұнай қоймаларын салу кезінде қолданылатын технологиялардың барлық түрін көрсетуге тырысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны