15.12.2023, 19:15 110896

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері мереке күндері жұмыс істемейді

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері мереке күндері жұмыс істемейді
Сурет: kgd.gov.kz
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2023 жылғы 16-17желтоқсанда және 2024 жылғы 1-2 қантарда жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мелекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.

Мемлекеттік кірістер комитеті өткізу пункттерінің алдында топталуға жол бермеу мақсатында, тасымалдаушыларды және Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге ниет білдірген өзге де адамдарды ауа райы жағдайларын ескере отырып, тасымалдау маршруттарын алдын ала жоспарлау және өткізу пункттеріне брондалған күні келу қажеттігі туралы хабардар етеді.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жүк автокөлік құралдарын өткізу "CarGoRuqsat" (https://cgr.qoldau.kz/ru/start/) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде өткізу күнін брондау арқылы жүзеге асырылатынын назарларыңызға саламыз.

Сондай-ақ, екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда Жаңа жылды мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлаймыз.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны