18.09.2019, 18:31 5990

"Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол" көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасының іс-шаралары өтеді

Ядролық қарусыздану саласындағы беделді сарапшылардың қатысуымен өтетін Халықаралық конференция Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем қалыптастыру жолындағы қозғалысты дамытудағы қызметіне арналған.

Нұр-Сұлтан. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 19 қыркүйек күні Токио қаласындағы БҰҰ Университетінде (Жапония) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының "Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол" көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасының іс-шаралары өтеді.

Елбасы кітапханасының қорларынан көрме экспозициясында Елбасының ядролық қарудан азат әлем құру жөніндегі бастамалары Семей ядролық сынақ полигоны жабылғаннан кейін алғаш рет шетелдік қоғамдастыққа ұсынылатын болады.

Ядролық қарусыздану саласындағы беделді сарапшылардың қатысуымен өтетін Халықаралық конференция Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем қалыптастыру жолындағы қозғалысты дамытудағы қызметіне арналған.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы мен Қоры, ҚазақстанныңЖапониядағы Елшілігі және Гои бейбітшілік қоры.

Елбасы кітапханасының қор көрмесі атом қуатын бейбіт мақсатта қолданатын ядролық қарудан азат әлем тұжырымдамасының бастауы мен мазмұнын өткен онжылдықтардан кейін алғаш рет толық көлемде ұсынады. Кітапхана топтамасынан құралған музейлік, архивтік және кітап материалдары негізінде ядролық қарусыздану және жаһандық қауіпсіздік жүйесін құру мен дамытудың қағидаттарын жасақтаған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жаһандық ауқымды тұлғасы көрсетілген.

Көрмеде 350-ден астам сақтау бірлігінен (экспонаттар, фото- және бейнематериалдар) тұратын үш бөлім ұсынылған:

1."Ұлы дала елі: өткен мен болашақ аралығында";

2."Ядролық қарусыз әлем жолында";

3."Қазақстан-Жапония: бейбітшілік үшін ынтымақтастық".

"Ұлы дала елі: өткен мен болашақ аралығында" бөлімі жапон көрерменін Қазақстанның таңқаларлық табиғатын тамашалауға, қазақ халқы тарихының тұңғиығына үңілуге шақырады. Осындай жағдайда қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретіндегі тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың өмір жолының кезеңдері баяндалады. Этнографиялық кешен ұлттық киім үлгілерінен, сондай-ақ Кітапхана қорлары мен танымал қазақстандық зергер Естай Даубаевтың авторлық туындыларындағы зергерлік бұйымдарынан тұрады.

"Ядролық қарусыз әлем жолында" бөліміядролық сынақ полигонына айналған қазақ жерінің қасіретті тарихы туралы сыр шертеді. 1991 жылы қазақстандықтар Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту және Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы тарихи бастамасын бірауыздан қолдады.

Аталған бөлімде алғаш рет халықаралық деңгейде Тұңғыш Президенттің Жеке архивінен мынадай құжаттар ұсынылып отыр: Семей полигоны аймағындағы радиациялық фон туралы ақпараттық анықтамалар, елдің басшыларына ядролық сынақтарды тоқтатуды сұраған азаматтардың өтініштері, жарылысты көзімен көргендердің естеліктері, Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлық, Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық ұйымдар мінберінен қарусыздануға шақырған үндеулерінің тезистері. Фотомұрағат Ю.Куйдиннің альбомындағы эксклюзивті фотосуреттерден тұрады.

Музейлік қор жаһандық антиядролық қозғалысқа қосқан жеке үлесі үшін Елбасына берілген Ұлыбритания және Жапонияның мемлекеттік наградалары, сондай-ақ "Ядролық қауіпті азайту жөніндегі бастама" қорының, "Шығыс-Батыс" Институтының наградалары мен басқа да қоғамдық марапаттардан тұрады.

"Қазақстан-Жапония: бейбітшілік үшін ынтымақтастық" бөлімі Елбасының Жеке архивінің материалдары негізінде қазақстан-жапон ынтымақтастығының тарихын, оның ішінде жапон тұтқындары мен Қазақстан аумағында бейтарапталғандар тағдыры, екі елдің антиядролық қозғалысқа қосқан үлесі туралы тақырыптарды қамтиды. Қазақстанның Жапониямен достық қатынастарын баяндайтын архивтік құжаттар кеңінен көрсетілген: Жапония Императоры Акихитомен, сондай-ақ жапон үкіметі және бизнес өкілдерімен болған кездесулердің тезистері. Осында жапон тарапынан тарту етілген дипломатиялық сыйлар, Токай университетінің Инженерлік ғылымдар Құрметті докторы дәрежесінің медалі мен мантиясы, "Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы" арнаулы атағы, Хиросима балаларынан оригами және басқалары.

"Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол" конференциясына Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшсі Ерлан Баударбек-Қожатаев,Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, БҰҰ Бас хатшысының бұрыңғы орынбасары Ясуси Акаси,АТОМ Жобасының Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіков,Токиодағы Нагасаки Өкілдігінің басшысы Хисато Мицутаке, Гои бейбітшілік қорының президенті Хироо Сайонджи, сондай-ақ шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Елбасы кітапханасының ғылыми-экспозициялық жобасы аясында арнайы дайындалған фильмін ұсынады. Фильм жоба тақырыбының өзіндік алғы сөзі іспетті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны