22.09.2021, 19:39 11801
Қазақстан аптасына 114 рейс жиілігімен 16 елге халықаралық әуе рейстерінің санын ұлғайтты
Достарға айту
2021 жылғы 21 қыркүйектен бастап аптасына 114 рейспен 16 елмен арада орындалатын тұрақты халықаралық рейстер санын ұлғайтуға, жаңартуға және ашуға рұқсат етілді. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады", - деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.
Атап айтқанда, Ресеймен арада 54 рейс, Түркиямен – 7, БАӘ-мен – 9, Өзбекстанмен – 5, Германиямен – 5, Мальдивпен – 3, Кореямен – 6, Польшамен – 2, Венгриямен – 1; Сауд Арабиясымен - 1 рейс орындалады.
Чехиямен аптасына 2 рет, Қытаймен аптасына 8 рейс, Әзірбайжанмен аптасына 3 рейс тұрақты түрде ұшатын болды.
Сондай-ақ, тұрақты рейстер Италиямен аптасына 2 рет, Шри-Ланкамен аптасына 3 рет, Кувейтпен аптасына 3 рет орындалады.
Қазіргі уақытта әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр. Рейстерді орындау осы көрсетілген елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады", - деп атап өтті комитетте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.12.2025, 13:07 12746
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспар таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа іскерлік белсенділік, инфляцияға ықпал ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданған шаралар туралы айтылды. Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.
Мемлекет басшысына қаржы, валюта және мемлекеттік бағалы қағаздар нарықтарындағы жағдай, Ұлттық қор мен Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры активтерінің, алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді.
Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өсті. 11 айдағы инвестициялық табыс шамамен 8,2 миллиард долларды немесе 13,7 пайызды құрады. Есепті кезеңде алтын-валюта резервтері 16,3 миллиард долларға немесе 36 пайызға ұлғайып, 62,1 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі биыл қаңтар-қараша айларында 2,6 триллион теңгеге немесе 11,7 пайызға артып, 25 триллион теңге болды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаппай цифрландыру барысы және Ұлттық банктің цифрлық жобалары жөнінде баяндалды. Соның ішінде Антифрод орталықтың жұмысына, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымдарын технологиялық тұрғыдан жүзеге асыруға мән берілді.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк баға тұрақтылығын сақтап, инфляцияны орташа 5 пайыздық межеде ұстап тұру үшін барлық қажетті шараны қабылдауда.
Кездесу соңында Президент инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 12:48 5401
Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі, Чех Республикасындағы, Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті елшілер бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, олҚазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
Ақан Ақасұлы РахметуллинҚазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің БасшысыРоман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 11:39 11296
Жеңіс мұражайында қазақстандық жауынгерлердің сүйектері тапсырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Поклонная тауындағы Жеңіс мұражайында Псков облысындағы іздестірушілер тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектері тапсырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қаза болған жауынгерлер Қызылорда облысының тумасы Байбұл Рахметов (1917 жылы туған) және Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Мұсахан Қалмұрзаев (1921 жылы туған) екені анықталды. Әдетте, қаза тапқандардың жеке басы сарбаздардың медальондары бойынша анықталады, ал бұл жерде ерекше жағдай орын алған, екі жауынгер де сақталып қалған наградалары бойынша анықталған.
Танк зеңбірекшісі Байбұл Рахметов "Ерлігі үшін" ("За отвагу") медалімен және "Қызыл жұлдыз" ордені бойынша танылған. Аталған орденмен ол немістің "Тигр" танкісін атып қиратқаны үшін марапатталған екен.
Мұсахан Қалмұрзаев шаңғы батальонының автоматшысы болған. Бұл бөлімшелер жаудың сыртынан жауынгерлік міндеттерді орындап, ұрыс барысын өзгертуге немесе дағдарысты жоюға ықпал еткен. Жауынгер "Ерлігі үшін" ("За отвагу") медалі бойынша танылған.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Псков іздестіру жасақтарына осындай маңызды және ізгі қызметтері үшін ризашылығын білдірді. Ол Псковты азат ету кезінде жүздеген қазақстандықтардың қаза тапқанын еске салды. "Ол кезде адамдар дін немесе ұлт бойынша бөлінбеді, өйткені бәрінің мақсаты бір болды, ол - Отан және болашақ ұрпақтың бақытты өмірі үшін күресу. Бүгінде қаза тапқан батырларды еске алу біз үшін өсиет және жаңа ұрпақ азаматтарын тәрбиелеу үшін үлгі болып қалуы тиіс", - деп атап өтті Елші.
Елшінің сөзін "Обелиск" отрядының іздеушісі Дмитрий Иванов қолдады. "Шынында да, ол кезде ешкім ешкімді ұлты бойынша бөлмеген. Олар бір жұдырықтай жұмылып, ортақ Отан үшін өз өмірлерін қиды. Олар туралы естелік - халықтарды, мемлекеттерді, ұрпақтарды байланыстыратын асыл мұра", - деп атап өтті ол.
Мәскеуге арнайы келген Байбұл Рахметовтың туысы - Хасен Рахметов іздеушілерге жауынгерлердің қайта оралған есімі мен тарихи естелік үшін ризашылығын білдіріп, Ресей халқына бейбітшілік, амандық, бақыт және сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында қаза тапқан жауынгерлерге арналып бір минут үнсіздік жарияланып, мұсылмандарды еске алу рәсімі жасалды. Жақын арада жауынгерлердің сүйектері әскери құрметпен жерлеу үшін Отанына жеткізілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 19:24 11951
Президент алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заңды мақұлдады
Достарға айту
Ақорда Президенттің алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заңға қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Inform.kz.
- Мемлекет басшысы "2026 - 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген құжатта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сенаторлар республикалық бюджет жобасына 76 түзету енгізді.
Өңірлерге арналған субвенциялар көлемі 17,5 млрд теңгеге ұлғайтылды. Бұған қоса, 2026 жылы өңірлерді дамытуға 28,5 млрд теңге бағытталады. Бұл қаражат жылу және электр энергетикасы, газбен жабдықтау, жағалауды нығайту жұмыстары және басқа да бағыттарды қамтиды.
Қосымша қаржыландыру көздерінің қатарында Үкіметтің резерві және қарызды өтеу шығындары есебінен босатылған қаражат көрсетілген. Сонымен қатар 79 млрд теңге мемлекеттік органдар арасында, ал 73,4 млрд теңге бір ведомствоның бюджет бағдарламалары ішінде қайта бөлінді.
2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы заңға сәйкес, жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамы төмендегідей:
- 10,7 трлн теңге - 2026 жылы,
- 12,1 трлн теңге - 2027 жылы,
- 13,3 трлн теңге - 2028 жылы.
Шығыстар деңгейі тиісінше 14,9 трлн, 17,3 трлн және 18,7 трлн теңге көлемінде болжануда.
Трансферттерді есептеу кезінде Үкімет мақсатты сипаттағы ағымдағы трансферттерді, сондай-ақ АӨК-ті субсидиялауға, су үнемдеу технологияларын енгізуге, жаңа нысандарды ұстауға және басқа да бағыттарға арналған қаражатты ескерген. Олардың көлемі:
- 1,5 трлн теңге - 2026 жылы,
- 1,6 трлн теңге - 2027 жылы,
- 1,7 трлн теңге - 2028 жылы.
2026 жылға арналған субвенциялар 5,2 трлн теңге, ал алынатын қаражат 879,9 млрд теңге мөлшерінде белгіленді.
Үкіметтің бағалауынша, жергілікті бюджеттердің республикалық бюджеттен трансферттерге тәуелділігі 50,7%-дан 33%-ға дейін төмендейді.
Республикалық бюджеттің болжамды түсімдері 2026 жылы 19,2 трлн теңгені (ЖІӨ-ге шаққанда 10,5%) құрайды, ал 2028 жылы 23,2 трлн теңгеге (20,8%) дейін өседі. Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2,77 трлн теңге көлемінде белгіленген, ол мұнайдың шекті бағасына негізделген лимиттер аясында айқындалған.
Республикалық бюджет шығыстары мынадай көлемде айқындалды:
- 27,7 трлн теңге - 2026 жылы (ЖІӨ-ге шаққанда 15,1%),
- 28,8 трлн теңге - 2027 жылы (14%),
- 29,8 трлн теңге - 2028 жылы (13%).
Барлық параметрлер бюджет ережелерін ескере отырып қалыптастырылған.
Сонымен қатар Президент 2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға қол қойды.
https://kaz.inform.kz/news/prezident-aldagi-ush-zhilga-arnalgan-byudzhet-turali-zandi-makuldadi-f73b2e/
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 18:15 12361
Алматыда кезекті көлік жуу нысаны бұзылып жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Сот шешіміне сәйкес бүгін Жұмабаев көшесі, 12 мекенжайында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсететін көлік жуу нысаны бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жеке тұлғаға тиесілі екені және тиісті құжатсыз салынғаны анықталды.
Тексеру нәтижесінде нысан иесіне әкімшілік шара қолданылып, ғимаратты сүру туралы нұсқама берілді.
Қазіргі уақытта нұсқама талаптарына сәйкес, меншік иесі нысанды өз күшімен бұзып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 15:07 45996
Қазақстанда балалар ұйымдарында санитариялық мемлекеттік бақылау қағидалары өзгеруде
Достарға айту
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап мектептерде, балабақшаларда, лагерьлерде және балаларға арналған басқа да ұйымдарда бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Басты мақсат - әр бала үшін қауіпсіз, сау және жайлы орта, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Не өзгереді: Жоспарлы тексерулер енді екі санат бойынша жүргізіледі. Жоғары қауіп - кем дегенде жарты жылда бір рет тексеру. Төмен қауіп - жылына бір реттен артық емес7
Бұл ретте, тексерілетін объектілердің тізімдері ата-аналар мен қоғам қандай мекемелердің бақылаудан өтіп жатқанын көруі үшін ашық жарияланатын болады.
Объектілерге барумен мониторинг: Бақылаудың жаңа форматы бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Мектептердің оқу жылына, лагерьлердің жазғы маусымға және медициналық мекемелердің эпидемиялық сынақтарға дайындығын бағалау үшін Мемлекет басшысының, Үкіметтің және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмалары бойынша тексерулер жүргізіледі.
Ең маңыздысы: алғашқы тексеруде айыппұлдар қолданылмайды - ұйымдар бұзушылықтарды түзетуге мүмкіндік алады.
Сондай-ақ санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтілетін болады, атап айтқанда, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер жүйелі бұзушылықтарды жоюды талап ете алады, нұсқамаларды жергілікті және мемлекеттік органдарға жібере алады және қауіпсіздік стандарттарын арттыруда мекемелерге қолдау көрсете алады.
Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң бала құқықтарын қорғауды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын күшейтеді және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда бақылауды жетілдіреді.
Қазіргі уақытта заңның толық орындалуын қамтамасыз ететін заңға тәуелді актілер әзірленуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 13:43 49056
Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 13:01 49431
2025 жылғы су тасқыны кезеңінде 16 млрд текше метрден астам су келді
Достарға айту
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетовтің айтуынша, 2025 жылы су тасқыны кезеңі алдында "Қазгидромет" РМК дерегіне сәйкес жалпы ағын 14-20 млрд м3 шамасында болжанды. Осыған орай тасқын суды қабылдау және қауіпсіз босату мақсатында алдын ала су қоймаларда қажетті бос көлемдер қамтамасыз етілді. Су тасу кезеңінде нақты ағын көлемі 16,7 млрд текше метрді құрап, су қоймаларында биылғы жылғы вегетацияға қажет су көлемі жиналды. Бұдан басқа, су тасқыны кезеңінде ағын суларды модельдеу және су басу қаупін бағалау мақсатында орталық, солтүстік және батыс өңірдегі өзендердің басым учаскелерінде өзендердің жайылма бөлігіне батиметриялық түсірілім жүргізілді, олардың нәтижелері "Тасқын" АЖ жүйесіне енгізілді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Жалпы, 2025 жылғы су тасқыны кезеңі алдын ала дайындықтың, су қоймаларының бос сыйымдылығының ұлғаюының және инфрақұрылымды жаңғыртудың арқасында тұрақты өтті", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, әкімдіктермен бірлесіп, елді мекендерге жақын өзендердің су тасқыны қаупі бар учаскелерін санациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол карта қабылданды. Атап айтқанда, 10 облыста 51 өзен учаскесі мен 1 көлде санация жасау қажеттілігі белгіленді, онда бірінші кезекте жалпы ұзындығы 814,06 км өзендерді санациялау қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.12.2025, 13:07Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады 09.12.2025, 16:10 12026Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады09.12.2025, 12:41 11381Қазақстан мен канадалық Квебек провинциясы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуде09.12.2025, 11:39 11281Жеңіс мұражайында қазақстандық жауынгерлердің сүйектері тапсырылды09.12.2025, 13:44 11146Скопьеде Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған таныстырылым өтті
05.12.2025, 22:59 98156Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті05.12.2025, 16:59 92546Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды05.12.2025, 21:56 89016АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады05.12.2025, 20:48 88751Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда05.12.2025, 19:42 84256Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында
13.11.2025, 17:40 176821Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175441Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 152026Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146546Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146201Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

