28.04.2022, 16:11 9946

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Бекбаева Майя Төлегенқызы мен Кузиев Зәкіржан Пірмұхамедұлы қызметінен босатылды.
НҰР-СҰЛТАН. 28 СӘУІР - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысының өкімдерімен Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 
Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны