08.09.2023, 11:19 57961

Қазақстан Huawei компаниясына бизнес үшін электрондық цифрлық платформа құру жобасында серіктес болуды ұсынды

Қазақстан Huawei компаниясына бизнес үшін электрондық цифрлық платформа құру жобасында серіктес болуды ұсынды
Сурет: Depositphotos
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Huawei Technologies Kazakhstan-ның Бас директоры Чжао Сюмен кездесті, деп хабарлайды Gov.kz.

Арман Шаққалиев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің ҚХР-ға тамыз айындағы жұмыс сапары барысында қазақстандық делегацияға Huawei Technologies компаниясының кеңсесінде көрсеткен қонақжайлылығы мен жылы қабылдағаны үшін Чжао Сюге алғысын білдірді.

Сауда және интеграция министрі талқылау тақырыбы өте уақтылы және өзекті екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанды IT-елге айналдыру міндетін қойды. Бұл үшін барлық алғышарттар бар. Отандық IT-саласы экспортының көлемі өткен жылдың өзінде бес есеге өсті, алдағы жаңа мақсат - IT экспортын 1 млрд. АҚШ долл. дейін жеткізу. Ірі шетелдік IT-компанияларымен бірлескен кәсіпорындар ашу қойылған міндетті іске асыруға көмектеседі.

- Біз Цифрлық экожүйемізді дамыту үшін Huawei-мен ынтымақтастықта үлкен әлеуетті көріп отырмыз. Сіздердің компанияларңыздың инновациялар және технологиялық даму саласындағы стратегиясы экономика мен қоғамды цифрландыруға деген ұмтылыстарымызбен ұштасады, - деп атап өтті Министр. - Сіз ұсынған "Цифрлық Қазақстанға және Еуразиялық Хабқа апарар жол" бағдарламасы жоғары қызығушылық тудыруда, ол бүгінгі таңда Қазақстанды өңірлік цифрлық орталыққа айналдырудың өзекті шешімі болып табылады.

Инновациялық шешімдерді енгізу үшін Сауда және интеграция министрлігі бірқатар ұсыныстар жасады. Қазір бизнеске арналған сұраныс пен ұсыныстардың қазақстандық электрондық цифрлық платформасын құру жобасын дайындалып жатыр. Платформа верификацияланған отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің кең ауқымын қамтиды. Нақты уақыт режиміндегі цифрлық бизнес шешімі тауарлар мен қызметтерді іздеу, сатып алушылар үшін өзекті көлемдер мен бағалар, келісімшарттарға қол қою, логистикалық компаниялар үшін сервис және тауарларды жеткізу шарттары бойынша сервистерді біріктіреді. Министрлік Huawei-ге осы жобада серіктес болуды және сауданы дамыту үшін цифрлық шешімдер жасау тәжірибесімен бөлісуді ұсынды.

Сонымен бірге, Министрлік озық технологиялар мен цифрлық шешімдерді қажет ететін инвестициялық экспортқа бағдарланған жобалардың, оның ішінде АӨК саласындағы жобалардың пулын қалыптастырды. Олардың арасында Алматы мен Жетісу облыстарында өз өнімдерін ОА және ЕАЭО елдеріне экспорттауға мүмкіндігі бар ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялық жабдықтар өндірісі саласындағы жобалар да бар.

Сондай-ақ, ҚР ИИДМ ҚТЖ-мен бірлесіп сауда-логистикалық хабтарды құруды және одан әрі цифрландыруды пысықтауда. Пилоттық жобаны жақын арада Тәжікстанда іске қосу жоспарлануда. Хабтың қызметі жинап қою, сақтау, қайта өңдеу, жаңа тауарлар өндіру саласындағы өндірістік кооперацияны қамтамасыз етуге және оларды одан әрі жақын елдерге жөнелтуге бағытталатын болады. Сонымен қатар, барлық осы процестер диджитализациялануы керек, содан соң хаб жоғары технологиялық өндірістердің талаптарына жауап беретін болады.

Өз тарапынан Huawei Technologies Kazakhstan-ның бас директоры Чжао Сю жобаларды қарауға, сенімді және тексерілген ұзақ мерзімді серіктес ретінде жұмысын жалғастыруға, өңірлік цифрлық орталық ретінде Қазақстанның тұрақты дамуына өз үлесін қосуға дайын екенін мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта тығыз ынтымақтастық орнатуды келісті.

Анықтама:

Huawei Technologies Co., Ltd" Компаниясы 1987 жылы Қытайда құрылған, АКТ инфрақұрылымының, жасыл энергетикалық шешімдердің, бұлтты есептеулердің және смарт құрылғылардың жетекші жаһандық жеткізушісі болып табылады. Huawei-де бүкіл әлем бойынша 120 000-нан астам белсенді патенттер, 700-ден астам "ақылды" қала жобалары, бүкіл әлем бойынша 35 000-нан астам серіктестермен ынтымақтастық бар. Қазіргі уақытта компания Global Fortune 500 тізімінде 49-орында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны