28.09.2023, 11:16 40311

Қазақстан ІІМ Есірткі таратумен айналысқан 1,5 мың сайтты бұғаттады

Есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімшелерінен 21 ІТ-маман оқытылды
Қазақстан ІІМ Есірткі таратумен айналысқан 1,5 мың сайтты бұғаттады
Сурет: Depositphotos
ІІМ есірткі қылмысымен күресте жаңа әдістер қолданып жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің дамуымен қылмыс түрлері де өзгерді. Оларды анықтап, ашу үшін полицияның жедел қызметтерінен жаңа тәсілдер талап етіледі.

Интернет кеңістігінде есірткі қылмыстарын анықтаудың тиімділігін арттыру үшін Ішкі істер министрлігі қазақстандық компаниялардың бірімен заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендер мен ілеспе техникалық жабдықтарды сатып алуға шарт жасасты.

Қыркүйек айында техниканы қызметте пайдалану бойынша полицейлер арасында семинар-тренинг өткізілді. Сондай-ақ әрбір өңірге бір жұмыс станциясы берілді. Есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімшелерінен 21 ІТ-маман оқытылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны