15.03.2023, 17:10 33966

Қазақстан Президенті бірқатар заңдарға қол қойды

Қазақстан Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Сурет: akorda.kz
Астана. 15 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұған дейін Тоқаев әскери полиция органдары мен қорғаныс ұйымдары туралы Заңдарға қол қойғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны