12.01.2026, 16:11 1826

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры қызметіне Тұрар Әлімжан Қамбарұлы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры қызметіне Тұрар Әлімжан Қамбарұлы тағайындалды
Сурет: gov.kz
Тұрар Әлімжан Қамбарұлы - "Болашақ" бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы University of Southampton университетін "электроэнергетика" мамандығы бойынша тәмамдаған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.

Еңбек жолын "KEGOC" АҚ-да жабдықтарды жөндеу жөніндегі электросілесір болып бастап, кейін құрылыс саласында және мемлекеттік қызметте жалғастырған.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінде бас маман қызметінен бастап, Электроэнергетиканы дамыту департаментінде басшылық лауазымдарға дейін қызмет атқарды. Осы кезеңде жылу және электр энергетикасы салаларын трансформациялау жөніндегі реформаларды үйлестірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны