20.04.2021, 22:32 8442

Қазақстанда нотариаттық құжаттарға QR-код беріледі

"Халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық құжаттың қағаз құжатқа тең екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілді және керісінше, бұл азаматтарға қажетсіз жол жүруден, поштамен және курьерлер арқылы жіберуден құтылуға мүмкіндік береді".
НҰР-СҰЛТАН. 20 СӘУІР - ҚР Президенті нотариат мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізу туралы Заңдарға қол қойды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев хабарлағандай, келесі жылдан бастап Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде нотариаттық құжаттарды сақтау үшін орталықтандырылған электрондық репозиторийді құру жоспарлануда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Болашақта нотариустар қағаз мұрағатынан бас тартады, деп , жазады ortcom.kz.
 

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде эксаумақтылық енгізіледі. Егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалан мәмілелер нотариустың орналасқан жері бойынша куәландырылған болса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан кез-келген нотариусқа жүгіне алады. Бұдан басқа, әрбір нотариаттық іс-әрекетке QR-код беріледі, ол бірегей болып табылады және құжатты бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз етеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық құжаттың қағаз құжатқа тең екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілді және керісінше, бұл азаматтарға қажетсіз жол жүруден, поштамен және курьерлер арқылы жіберуден құтылуға мүмкіндік береді", - деді спикер.

 
Сенімхаттың түпнұсқалығын QR-код бойынша смартфондағы қосымшаның көмегімен немесе құжаттың сандық коды бойынша enis.kz сайтында Сервис – Сенімхатты тексеру бөлімінде тексеруге болады. сондай-ақ, өтеулі негізде және нотариаттық іс-әрекеттерге байланысты емес құқықтық сипаттағы басқа да мәселелер бойынша нотариустардың консультацияларын алуға болады.
 
Сонымен қатар, нотариаттық құпия ұғымы анықталып, оны сақтауға міндетті адамдар тобы құрылды. Шағымдарды республикалық деңгейде қарайтын орган заңды түрде бекітілді. Енді жергілікті жерлердегі тәртіптік комиссиялардың шешімдерімен келіспеген жағдайда азаматтарға жаңадан құрылған органға шағымдануға мүмкіндік берілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны