22.09.2021, 18:45 11613

Қазақстанда судьяларды жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұлғайту жоспарлануда

Заңнамалық түзетулер судьялар корпусының кәсібилігін, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған.
НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" заңға судьяларды жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұзартуды көздейтін түзетулерді жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Палата депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, заңнамалық түзетулер судьялар корпусының кәсібилігін, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған.
 

Заң жобасы сот кадрларын іріктеу және судьялардың кәсіби қызметін бағалау тетігін жетілдіруге, судьяларды жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұлғайтуға, сондай-ақ соттарды қаржыландырудың жаңа моделін белгілеуге мүмкіндік береді", - деді Имашева.

 
Ол сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның тағы бір жобасы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
 

Ұсынылып отырған өзгерістер әкімшілік заңнаманы жетілдіруді, сот ісін жүргізудің IT-сервистерін енгізуді көздейді. Сот кадрларын іріктеу, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа тәртібін енгізу мәселелері", - деді депутат.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны