31.12.2021, 16:51 32101

Қазақстанда ядролық медицинаны дамытудың жол картасы әзірленеді

Диагностиканың заманауи әдісін жүргізуді қажет ететін онкологиясы бар пациенттердің саны артып келе жатыр.
Қазақстанда ядролық медицинаны дамытудың жол картасы әзірленеді
НҰР-СҰЛТАН. 31 ЖЕЛТОҚСАН - Ядролық медицинаны дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында Қазақстандағы ядролық медицина істерінің қазіргі жай-күйі, түйткілді мәселелері мен перспективалық бағыттары көтерілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, диагностиканың заманауи әдісін жүргізуді қажет ететін онкологиясы бар пациенттердің саны артып келе жатыр.
 
Қазір Қазақстанда 4 позитронды-эмиссиялық томограф (ПЭТ-орталық) жұмыс жасайды: Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматыда – 1 және Семейде – 1. 
 
Премьер-Министрдің орынбасары онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың "тиімділігі жоғары ерте диагностика" бағыты аясында алдағы 2 жылда зерттеудің инновациялық әдістері үшін Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында тағы 4 ПЭТ-орталық ашу жоспарланғанын атап өтті. 
 
Кеңес қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов ПЭТ-орталықтар желісін кеңейту арқылы отандық ядролық медицинаны дамытудың Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ МЖӘ шеңберінде ынтымақтастыққа мүдделі жауапты мемлекеттік компаниялар қатарынан ведомствоаралық жұмыс тобын құруды жүктеді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны