Қазақстандық делегация "Орталық Азия - Қытай" форматындағы отырысқа қатысты
СИАНЬ. 13 МАМЫР - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Сиань қаласында (ҚХР) өткен "Орталық Азия – Қытай" форматындағы 2-ші отырысқа қатысты. Іс-шараға Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері де қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
СІМ басшылары саяси, сауда-экономикалық және транзит-көліктік салалардағы одан әрі өңіраралық өзара іс-қимылдың перспективаларын қарастырды, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік және COVID-19 пандемиясымен бірлескен күрес мәселелерін талқылады.
Отырыс барысында тараптар дағдарыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру, ішкі өңірлік кооперацияны нығайту және қоршаған ортаны қорғау бойынша бірлескен жұмыс қажеттігін айтып өтті. Эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелерінде дипломатиялық күш-жігерді жандандырудың маңыздылығы атап өтілді. Форумға қатысушылар тараптар ұсынған бастамаларды іске асыру бойынша жол картасын әзірлеу туралы уағдаласты.
Тараптар Ауғанстандағы бейбітшілік процесінің барлық тараптары арасында консенсус қалыптастыруға және АИР-дың Оңтүстік және Орталық Азиядағы экономикалық процестерге біртіндеп интеграциялануына бағытталған халықаралық күш-жігерге қолдау білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша министрлер "Орталық Азия – Қытай" Сыртқы істер министрлерінің кездесу форматын құру туралы меморандум, COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық туралы, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және Ауғанстан бойынша бірлескен мәлімдемелер қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі бірінші тоқсан қорытындысы бойынша үш есеге төмендеді
Қазіргі уақытта министрлік өнеркәсіптік жылыжайлармен қызанақ пен қияр бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандумдар жасасу бойынша келіссөздер жүргізуде", - деп хабарлады Айжан Бижанова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының Усть-Лугадағы вахтолық лагеріндегі жағдайға түсініктеме
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесті
Мұнда Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүргізу және бөлу бойынша бірыңғай автоматтандырылған жүйені кезең-кезеңімен енгізу туралы сөз болып отыр. Цифрландыру мен есепке алу су пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Сенімді деректердің болуы және бірлескен мониторинг мемлекеттер арасындағы сенімнің негізі болып саналады және су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бауыржан Артықов лауазымынан босатылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.03.2026, 09:58Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті 27.03.2026, 10:00 174261Қазақстан мен Қасиетті Тақ дінаралық диалог пен ынтымақтастықты тереңдету бағытын растады27.03.2026, 11:13 174236Қазақстан Римде су қауіпсіздігі мен аграрлық ынтымақтастық бойынша жаһандық бастамаларды ілгерілетуде27.03.2026, 17:25 162206Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын тапсырды30.03.2026, 12:49 118696Әзербайжан Қазақстан Президентінің халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдайды
17.03.2026, 17:12 259056Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 19:22 258831Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 258571Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді16.03.2026, 16:56 241256Астанада 1-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді04.03.2026, 10:54 239586Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады

