05.12.2023, 10:25 52951

Зиянды өндірістердің қызметкерлеріне 2024 жылдан бастап арнайы жәрдемақы төленетін болады

Заң жобасында төрт төлем көзінен тұратын МКҚК қарастырылған
Зиянды өндірістердің қызметкерлеріне 2024 жылдан бастап арнайы жәрдемақы төленетін болады
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі жаңа тармақпен толықтырылды: Арнаулы кәсіби мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау.

Түсіндірілгендей, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге өнеркәсіп пен салаларды дамытуға қосқан қомақты үлесін ескере отырып, зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу жоспарлануда. Қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянның дәрежесі ескеріледі.

Осыған байланысты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы аясында тәсілдер әзірленді.

Заң жобасында төрт төлем көзінен тұратын МКҚК қарастырылған, оның бірі республикалық бюджеттен төленетін арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақы болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны