14.03.2024, 19:25 24481

Қазақстандықтардың дербес деректерінің таралуына Тайвань хакерлерінің қатысты бар - министрлік

Қытай хакерлерінің шабуылы бағларламаның қамтамасыз етудің әлсіз тұсы арқылы жүзеге асырылған
Қазақстандықтардың дербес деректерінің таралуына Тайвань хакерлерінің қатысты бар. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2024 жылдың 16 ақпанында GitHub белгісіз біреулер қытайлық компания деректерін жариялап жіберді. Оның ішінде қазақстандықтардың да дербес деректері болды. Тайвань хакерлері Қытай хакерлерінің деректер қоймасын бұзған. Жарияланған материалдар қытай хакерлерінде сақталған", - деп атап өтті ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай.


Цифрлық даму министрлігінің түсіндіруінше, қытай хакерлерінің шабуылы бағларламаның қамтамасыз етудің әлсіз тұсы арқылы жүзеге асырылған және ол қытайлық байланыс жабдықтарымен байланысты емес.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны