03.11.2022, 16:52 43041

Қазақстанның үздік 50 ғалымы 6 миллион теңгеден алады - Ғылым министрлігі

Қазақстанның үздік 50 ғалымы 6 миллион теңгеден алады - Ғылым министрлігі
Сурет: Depositphotos
Астана. 3 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды. Министрлікпен еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық тағайындалатын болады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 АЕК (6 126 000 тенге) құрайды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
 

Конкурстың мақсаты отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың, ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу болып табылады", - деп хабарлады ведомствода.

 
Конкурсқа қатысушы үшін өтінімдер Министрліктің https://scicontest2022.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күнтізбелік күн аралығында қабылданады.
 

Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: 1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы; 2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы; 3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету; 4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.); 5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы; 6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту; 7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау; 8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері; 9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс", - деді министрлікте.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны