30.05.2012, 13:24 3011

Батыс Қазақстанда "Халықтық ІРО" бағдарламасына сәйкес түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Аталмыш мемлекеттік бағдарламаны енгізу жөніндегі топ мүшелері кеше Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация әкімшілігі және "Орал "Зенит" зауыты" АҚ ұжымдарымен кездесті.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстанда "Халықтық ІРО" бағдарламасына сәйкес түсіндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталмыш мемлекеттік бағдарламаны енгізу жөніндегі топ мүшелері кеше Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация әкімшілігі және "Орал "Зенит" зауыты" АҚ ұжымдарымен кездесті.

Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған жоба 2012-2015 жылдарға жоспарланып отыр. Оның мән-маңызы, мақсаттары жөнінде М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мәдениет және өнер факультеті деканының орынбасары Саян Ғұсманов әңгімелеп берді.

"Халықтық ІРО" бағдарламасын жүзеге асыруға "KEGOC" АҚ, "Air Astana", "ҚазТрансГаз", "ҚазТрансОйл" сынды ірі компаниялар қатыспақшы. Бағдарлама биылғы 1 қыркүйектен жұмыс жасай бастамақ. Тұрғындар компаниялардың акцияларын сатып ала алады. Дивидендтер сатып алынған акция санына байланысты болмақ.

Мұндағы басты мақсат халықтың ел экономикасының өрге басуына атсалысуы болмақ.

Осындай шара Батыс Қазақстан облыстық статистика департаментінде де ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны