05.01.2024, 11:31 95381

Берік Манасов ҚР АШМ комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Берік Манасов ҚР АШМ комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Сурет: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Берік Жамбылұлы Манасов ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Берік Манасов 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылы жеке меншік ұйымда қаржылық талдаушы болып бастаған. 2023 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР АШМ АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы лауазымында қызмет атқарған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны