09.12.2011, 13:30 3016

Бүгін Парламент Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Аталмыш құжат ұлттық экономиканы қарқынды индустриялық-иннновациялық дамыту үшін қолайлы құқықтық және экономикалық жағдай жасайды. Сонымен қатар, құжат индустриялық қызметті дамытуды ынталандыру, жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін экологиялық таза және бәсекеге қабілетті өндірісті қолданысқа енгізуге ықпал етеді.

Астана. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, онда депутаттар "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заң жобасын талқылады.

Аталмыш құжат ұлттық экономиканы қарқынды индустриялық-иннновациялық дамыту үшін қолайлы құқықтық және экономикалық жағдай жасайды. Сонымен қатар, құжат индустриялық қызметті дамытуды ынталандыру, жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін экологиялық таза және бәсекеге қабілетті өндірісті қолданысқа енгізуге ықпал етеді. Бұл ретте заң жобасының мақсаты Қазақстан Президентінің айқындаған негізгі секторларды ынталандыру негізінде ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Соған орай, заң жобасымен индустриялық қызмет субъектілері үшін индустриялық-инновациялық қолдаудың мемлекеттік шаралары бекітіледі.

Бұған қоса, заң жобасы индустриялық-инновациялық шағын және орта бизнесті қалыптастырып, индустриялық-инновациялық қызметті қолдау қағидаттары мен міндеттерін нақтылайды және оны мемлекеттік қолдау шараларын анықтайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны