Система Orphus

Бюджет есебінен барлық өңірлерде 150 әлеуметтік оңалту орталығын ашу жоспарлануда

14.02.2020, 14:57 5401

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ардагерлермен кездесті, халықты жұмыспен қамту орталығы мен "Жанұя" отбасын қолдау орталығында болды, сондай-ақ облыс аудандары әкімдіктерінің қызметкерлерімен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

Вице-министр өңірдегі өз бағдарламасын ардагерлер ұйымдарымен кездесуден бастады, оның барысында дайындалып жатқан "Ардагерлер туралы" Заң жобасы туралы айтты. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер шоғырландырылатын болады. Әукеновтың айтуынша, Заң жобасы аясында: ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санатын анықтау; Ауғанстандағы және басқа елдердегі ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілерді басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне теңестіру; басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерінің санаттарын кеңейту; жауынгер-интернационалистерді, Чернобыль құрбандарын, сондай-ақ Социалистік Еңбек Ерлерін әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды күшейту ұсынылады.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінде вице-министр өңірдің қалалары мен аудандарымен атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындау, "Қамқорлық" жол картасын, белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламасын жүзеге асыру, "Бақытты отбасы" орталығын құру, Әлеуметтік қызметтер порталын іске асыру және т. б. мәселелері бойынша селекторлық семинар - кеңес өткізді.

Әукенов Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартудың нақты шараларына тоқталды. Бұл үшін өңірлерге 2020 жылы 80%-ға тиімділік беретін, 18 басты іс-шарасы бар "Қамқорлық" жол карталарын бекіту ұсынылды. Мысалы, әрбір өңірде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдану есебінен әлеуметтік оңалту және ерте араласу жеке орталықтарын ашу жоспарланған.

Сонымен қатар, бюджет есебінен барлық өңірлерде 150 әлеуметтік оңалту орталығын ашу жоспарлануда. 2020-2021 жылдары құрылыс Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте басталады. Сонымен қатар, Елбасының "Қамқорлық" бастамасы аясында республиканың өңірлеріндегі жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті қолдау бойынша 8 сынып ашу жоспарлануда. "Қадамдық қолжетімділік" қағидаты негізінде емханаларда шағын және орта медициналық оңалту орталықтары ашылады.

Сондай-ақ, Ерлан Әукенов жұмыс сапары аясында жұмыспен қамту орталығында болып, онда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту туралы баяндалды. Сонымен қатар, оған АӘК-ке өтініш берушілермен жұмыс жүргізілетін бөлме көрсетілді. Айта кету керек, 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 6 мыңға жуық отбасыға АӘК төленді. Сондай-ақ, өңірде қайырымдылық және демеушілік көмек арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Өткен жылы 1,4 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны