24.03.2022, 18:02 17061

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектерді Қазақстаннан шығаруға уақытша тыйым салуға ниетті

Бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін ашық құқықтық актілер порталында талқылау үшін орналастырылған.
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектерді Қазақстаннан шығаруға уақытша тыйым салуға ниетті
НҰР-СҰЛТАН. 24 НАУРЫЗ - Денсаулық сақтау министрлігі елден дәрі-дәрмек шығаруға уақытша тыйым салуды ұсынып отыр.
 
Бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін ашық құқықтық актілер порталында талқылау үшін орналастырылған.
 
Министрлік алты айға Қазақстан аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен компоненттерді әкетуге тыйым салуды жоспарлап отыр.
 

Тек жеке тапсырысы бойынша жеке пайдалануға арналған медициналық бұйымдар, халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін жіберілген тауарлар, бөлшек сауда аясында жеке тұтыну үшін әкелінетін және сатып алынған тауарлар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде алынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, зерттеу және сынау үшін алынған үлгілер, пайдалану орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында тікелей өндірілген радиофармацевтикалық препараттарға тыйым салынбайды", - делінген хабарламада.

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны