11.09.2007, 16:58 2886

"Допинг" жедел-профилактикалық шаралар барысында 100 ампула есірткі заты мен 4 мыңнан астам ампула психотроптық заттар тәркіленді

Қазақстанда "Допинг" жедел-профилактикалық шаралар барысында заңсыз айналымнан 100 ампула есірткі заты мен 4050 ампула және 175 таблетка психотроптық заттар тәркіленді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанда "Допинг" жедел-профилактикалық шаралар барысында заңсыз айналымнан 100 ампула есірткі заты мен 4050 ампула және 175 таблетка психотроптық заттар тәркіленді. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес комитетінің баспасөз қызметінене хабарлады.

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Арқалықта "Центр Фарм 2000" ЖШС тексеру барысында есірткілік, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында лицензиясыз қызмет еткен заңды тұлғаға "Промедол" есірткі затының 100 ампуласы мен "Брюзепам" психотроптық заттың 100 ампуласын сату дерегі анықталды.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, есірткі заттарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қатынасу ережесін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 265-бабы бойынша медицина қызметкерлерінің үстінен барлығы 30 қылмыстық іс қозғалған. 113 заңды тұлғалардың басшылары әкімшілік жауапқа тартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны