03.10.2025, 16:48 115651

Еңбекке жарамсыздар мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы өседі

Еңбекке жарамсыздар мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы өседі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыруға арналған қаулы жобасын көпшілік талқылауына шығарды, деп хабарлайды Inform.kz.

2026 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған еңбекке қабілетін жоғалтқан және асыраушысынан айырылғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері қолданыстағы төлемнің 10 пайызына ұлғайтылады", - деп жазылған құжатта.


Қазір бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға төленетін төлем мөлшері төмендегідей:

  • бірінші топтағы- 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі (101 702 теңге);
  • екінші топтағы- 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі (84 598 теңге);
  • үшінші топтағы- 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі (74 428 теңге);

Аласыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде- 0,92 ең төмен күнкөріс деңгейі (42 530 теңге)

  • ата-анасының екеуінен деайырылған жағдайда- жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айсайынғы жәрдемақы- 1,54 ең төмен күнкөріс деңгейі (71 192 теңге) мөлшерінде тағайындалады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны