07.05.2019, 14:56 8617

Е. Біртанов: Ана өліміне жол берген медициналық мекемелердің бірінші басшылары жауапқа тартылуы тиіс

Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Динара Мырзахметова елімізде соңғы 10 жылда ана өлімі 2,6 есге азайғанын айтты. Алайда, кейбір аймақтағы жағдай көңіл көншітпейді.

Нұр-Сұлтан. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Е. Біртанов: Ана өліміне жол берген медициналық мекемелердің бірінші басшылары жауапқа тартылуы тиіс.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов босандыру мен баланың денсаулығын сақтауға арналған жұмыстардың тиімділгін арттыру және осы қызметтерді интеграциялауға арналған Үйлестіру кеңесінде ағымдағы жылғы 3 мамырда айтты. Жиында жүкті келіншектерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, жаңа босанған әйелдердің жағдайының нашарлауына жол бермеу, қайғылы оқиғалардың алдын алу және ана өлімін азайту бойынша 2019 жылға арналған Жедел жоспардың орындалуы талқыланды.

Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Динара Мырзахметова елімізде соңғы 10 жылда ана өлімі 2,6 есге азайғанын айтты. Алайда, кейбір аймақтағы жағдай көңіл көншітпейді. Республика бойынша Шығыс Қазақстан облысы үш жылдан бері (2016-2018жж.), Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстары 2 жылдан бері қара тізімде тұр. Бұл аймақтарда биыл 1 тоқсанның қорытындысы бойныша да ана өлімі көп тіркелген.

Арнайы сараптаманың қорытындысына сүйенсек, медициналық көмек көрсеті кезінде бірнеше кемшіліктердің анықталғанын алға тартты, оның ішінде:дәрігерлер жүкті әйелдерді дұрыс бақыламайды, ауыр дертіне байланысты бала көтеруге тыйым салынған фертильді жастағы келіншектерге амбулаторлық емханалық ұйымдарда ойдағыдай көңіл бөлінбейді, перинаталдық көмекті өңірлендіру талаптарын сақтамауы, кадр тапшылығы мен стационарлардың жеткіліксіз материалдық-техникалық жарақтандыру", - деді Динара Мырзахметова.

Сонымен қатар, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова қайғылы жағдайлардың алдын алу және ана өлімін азайту бойынша 2019 жылдарға арналған Жедел жоспардың қорытындысын баяндады. Жылдың 1 тоқсанында аталған жоспар 8 аймақта:Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте өте төмен деңгейде жүзеге асқан. Жауаптылар мен орындаушылар тарапынан бақылау болмаған.

Министр ана өлімі көп тіркелген бірнеше өңірдің Денсаулық сақтау басқармасының басшыларына сөз беріп, қандай шаралар қолданылғанын сұрады және кемшіліктер үшін сынады.

Жергілікті жерлерде жүкті аналарға, босанған келіншектерге уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалмаған, маман тапшылығы әлі де шешілмеген, дәрігерлер үнемі біліктілігін жетілдірмейді, тұрғындар тиісті материалдық-техникалық жабдықталмаған, - деді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, министрдің пікірінше, жіберілген қателіктер үшін қатардағы дәрігер, медбикелер емес, ең алдымен медициналық мекеменің бірінші басшылары тәртіптік жауапқа тартылуы керек.

Министр сөз соңында Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне апта ішінде ана өлімі ең көп тіркелген аймақтарды көрсете отырып, Президент Әкімшілігіне хат жазуды тапсырды. Ал Денсаулық сақтау басқармасы басшыларына жүкті аналарға, босанған келіншектерге дер кезінде және сапалы медициналық көмек көрсетіп, қайғылы оқиғалардың алдын алу және ана өлімін азайту бойынша2019 жылға арналаған Жедел жоспардың орындалуын қатаң қадағалауды бұйырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны