22.05.2008, 09:55 1619

Екібастұздың бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевтың өлімі тапсырыспен жасалуы мүмкін

Екібастұздың бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевтың өлімі тапсырыспен жасалуы мүмкін

Павлодар. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұздың бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевтың өлімі тапсырыспен жасалуы мүмкін. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Павлодар облысының құқық қорғау органдарынан хабарлады.

"Қылмыстың қалай жасалғаны бұл адамға тапсырыс берілгенін көрсетеді. Жұматаев өңірде атақты және ықпалды адамдардың бірі болған", - деп атап көрсетті ақпарат көзі. Ол сондай-ақ, қазіргі уақытта полиция қара түсті "Ауди В4" көлігін іздестіріп жатқанын хабарлады. Ол көлікті қылмыс жасалып жатқан кезде көрген адамдар бар. Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, қылмыскер екеу болуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 7 гильза тапқан. Оның төртеуі көліктің жанында, үшеуі автотұрақтың жанында. "Қылмыскер өз құрбанын көліктің келесі жағынан күтіп тұрған. Екібастұздың бұрынғы әкімі арқасынан атылған оқтардан жан тапсырған", - деді тергеушілер.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 58 жастағы Р. Жұматаев кеше сағат 12.55-те Павлодар қаласының ортасындағы базар аумағынан шығып, өзінің "Тойота Ланд Крузер" көлігіне отырып жатқан кезде болған. Сол кезде белгісіз адам оған автомат оғын жаудырған. Р. Жұматаев оқиға орнында қайтыс болды.

Қылмыскерді табу үшін дабылмен қала полициясының барлық бөлімшелері сапқа тұрғызылды. Қалада "Құрықтау" жоспары енгізілді.

Қайтыс болған Р. Жұматаев 1993 жыл мен 1995 жылдар аралығында Екібастұз қаласының әкімі болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны