05.06.2014, 20:02 3418

ЭКСПО-2017 Парижде 11- маусымда ресми түрде танылады

2014 жылдың 11 маусымында Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясында 155-і сессия жұмысы басталмақ. Онда Қазақстанның ресми түрде танылуы және ХКБ байрағын табыс ету шарасы өтеді.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. 2014 жылдың 11 маусымында Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясында 155-і сессия жұмысы басталмақ. Онда Қазақстанның ресми түрде танылуы және ХКБ байрағын табыс ету шарасы өтеді.

11 маусымда Париж қаласында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясы жұмысына қатысады. Шара барысында қазақстандық тарапқа Халықаралық көрмелер бюросының байрағы табыс етіліп, ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми мойындалуы болады. Осыдан кейін ЭКСПО-2017 көрмесіне халықаралық қатысушыларды жұмылдыру мен көрмені әлемде ілгерілету бойынша белсенді жұмыс басталады, деп "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 24 сәуірде Париж қаласында ХКБ Атқару комитетінің кезекті отырысы шеңберінде Тіркеу құжаттамасы сәтті қорғалған болатын.ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Қазіргі таңда әлемнің 168 мемлекеті Көрмелер бюросына мүше болып табылады.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 3 айға - 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады.

Көрмеге 100-ден аса мемлекет, 10-нан аса халықаралық беделді ұйымдар мен инновациялық технологиялар саласындағы көшбасшы компаниялар қатысады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны