16.05.2016, 19:15 4491

Елбасы Астана қаласыныӊ әкімі Иділбек Жақсыбековті қабылдады

И.Жақсыбеков Мемлекет басшысына елорданыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылу барысы және алдағы кезеӊге арналған жоспарлар туралы баяндады

Астана. 16 мамыр. Kazakhstan Today - И.Жақсыбеков Мемлекет басшысына елорданыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылу барысы және алдағы кезеӊге арналған жоспарлар туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті өӊірлік жалпы өнімініӊ көлемі 4 триллион 560 миллиард теӊгеге жеткен қала бүгінде өсім қарқыны бойынша елде бірінші орында тұрғанын айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемініӊ өсімі байқалуда, былтырғы жылдыӊ қорытындысы бойынша ол 770 миллиард теӊге болды. Шағын және орта бизнес субьектілерініӊ саны 2014 жылы 93 мыӊ болса, қазіргі кезде 105 мыӊға дейін жетті. Шағын және орта бизнес секторындағы қосымша құнныӊ жиынтық үлесі қала экономикасыныӊ жалпы көлемініӊ 62 пайызына жетеғабыл. Биыл 2,1 миллион шаршы метр көлемінде баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланған, 2014 жылы бұл көрсеткіш 1 миллионныӊ шамасында болған еді.

Мемлекет басшысы әлеуметтік даму индикаторлары арасынан жұмыссыздық деӊгейініӊ төмен екенін және 6 мыӊ бос жұмыс орны бар екенін айтып өтті. Өткен жыл қорытындысы бойынша, Астанада жан басына шаққандағы орташа табыс 3,7 миллион теӊге болды. Елордада балалардыӊ 84,5 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған, балабақшалар мен мектептер құрылысы жалғасуда. 2015 жылы жаӊа туған 100 мыӊ сәбиге шаққанда ана өлімі 7 адамға теӊ болса, биылғы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш нөлге теӊесті.

Нұрсұлтан Назарбаев қаланы дамытуға капитал салу тиімді болып шыққанына, бүгінде оныӊ орны толып жатқанына да назар аударды.

- Бұл - қуантарлық көрсеткіштер, ол мемлекеттіӊ, бірінші кезекте қала әкімдігініӊ сындарлы жұмысыныӊ нәтижесі болып саналады. Осы жұмысты жалғастыру керек. Елорда барлық бағыт бойынша үлгі көрсетуге тиіс. "Ақылды қаланы", балама энергетиканы дамыту, жылумен жабдықтау, көшелерді абаттандыру, автотұрақтар салу бағытында көп нәрсе жасалуда. Қала жақсы дамып келеді және бұған қажетті өз қаражаты да бар, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны