26.12.2012, 10:08 2649

Елбасы Шымкент қаласы маңында әскери-көлік ұшағының апаты салдарынан қайтыс болғандардың жақындары мен туысқандарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Шымкент қаласы маңында әскери-көлік ұшағының апаты салдарынан қайтыс болғандардың жақындары мен туысқандарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласы маңында әскери-көлік ұшағының апаты салдарынан қайтыс болғандардың жақындары мен туысқандарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Шымкент қаласы маңында әскери-көлік ұшағының апаты салдарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі қызметкерлерінің қайтыс болғаны туралы хабарды қайғырып қабыл алдым. Қазақстан халқы атынан және жеке өз атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Менің тарапымнан ұшақтың апатқа ұшырау себептерін анықтау, сондай-ақ қайтыс болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берілді" делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны