Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Энергетика министрлігі Цифрлық трансформация картасын бекітті. Ол Smart Grid, цифрлық егіздер, мониторинг жүйелері және жасанды интеллектіге негізделген болжау технологияларын енгізу кезеңдерін айқындайды. Энергетика саласында қосалқы түрлерімен бірге 43 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, олардың 99 %-ы онлайн форматта жүзеге асырылады. 2027 жылға қарай нысандардың 50%-ы цифрлық мониторингпен қамтылып, саланың негізгі үдерістері автоматтандырылатын болады. Қолмен орындалатын ескі рәсімдердің заманауи технологиялармен алмастырылуы - реинжинирингтің бір мысалы. Жаңа шешімдер адами факторды азайтып, дәлдік пен қауіпсіздікті арттырады. Қазіргі таңда электр беру желілерін тексеру жоғары ажыратымдылықтағы бейнекамералар мен жылу түсіргіштермен жабдықталған дрондар арқылы жүзеге асырылады. Олар сымдардың шамадан тыс қызуын, оқшаулануын және тіректердің зақымдануын анықтайды. Жиналған деректер жасанды интеллектісі бар дефектоскопия жүйесімен өңделеді, ол ақауларды 98% дәлдікпен танып, геоақпараттық жүйеде (ГАЖ) энергетикалық желінің цифрлық егізін қалыптастырады", - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
Табысты жобалардың бірі ретінде Astana Hub резиденті болып табылатын "FACEPLATE" компаниясын атап өтуге болады. Компания әзірлеген нақты уақыт режимінде деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға арналған интеллектуалды платформасы энергетикалық кәсіпорындарға операциялық және пайдалану шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, платформаны пайдаланушылар $1,3 млн үнемдеген, ал KEGOC компаниялар тобы бойынша шығындарды азайту есебінен экономикалық тиімділік $1,6 млн-ды құрады. ESEP компаниясы да Astana Hub резиденті болып табылады және коммуналдық ресурстарды тұтынуды оңтайландыруға арналған шешімдерді ұсынады. ESEP шешімдері есептегіштерге қосылып, сандарды түсінікті аналитика мен бақылауға айналдыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде қазіргі пайдаланушылар арасында коммуналдық қызметтерді тұтыну 12%-ға азайды. Дұрыс есептеу үшін 4 500 қайта есептеу орындалды", - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
- энергетика саласындағы барлық процестерге кешенді реинжиниринг жүргізу;
- Бірыңғай мемлекеттік отын-энергетикалық кешенді басқару жүйесін іске асыруды жеделдету;
- деректерді онлайн беру мүмкіндігі бар интеллектуалды есептеу құралдарын енгізуді жеделдету;
- келесі жылыту маусымына дейін дрондар арқылы электр беру желілерін (ЭБЖ) мониторингтеу жүйелерін кеңейту.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

