21.11.2022, 00:15 11781
Exit poll: Тоқаев сайлаушылардың 80%-дан астам дауысын жинап, Қазақстан Президентінің сайлауында көш бастап тұр
Достарға айту
Астана. 21 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - "Қазақстан" телерадиокорпорациясының тапсырысымен "Ашық қоғам" өңірлік зерттеу халықаралық институты жүргізген Еxit poll нәтижесі бойынша 20 қарашадағы кезектен тыс Президент сайлауындағы сайлаушылардың 82,45 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты жақтап дауыс берген.
"Ашық қоғам" өңірлік зерттеу халықаралық институтының өкілдері Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізіп, "Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?" деген сауал қойған.
Ел президенті сайлауының нәтижелеріне мониторинг Exit poll әдістемесі бойынша "қар ұшқыны" әдісімен жүзеге асырылды. Барлық өңірлерде орналасқан 354 сайлау учаскесінде 1062 интервьюер Қазақстанның 304 мыңнан астам азаматына сауалнама жүргізді. Әлеуметттану зерттеуінің қателігі шамамен +/-2 пайыздық тармақты құрайды. Сауалнама барысында мынандай алдын ала нәтижелер алынды. Сайлаушылардың келуі 68,7 пайызды құрады", - деді институт өкілі.
Сонымен, Exit-poll нәтижесі мынадай:
Қасым-Жомарт Тоқаев -82,45%;
Мейрам Қажыкен -2,23 %;
Жигули Дайрабаев - 3,33%;
Қарақат Әбден - 2,54%;
Салтанат Тұрсынбекова - 2,08%;
Нұрлан Әуесбаев - 2,17%;
Бәріне қарсымын - 5,2%.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.
Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.
Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 68 учаскенің бірнешеуі қазіргі уақытта жұмысын аяқтады.
Сайлау күнінде Сан-Францискодағы сайлау учаскесі соңғы болып жұмысын бастады.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
31.03.2023, 13:41 14056
Қазақстанда әуе жолаушыларының құқығы күшейтілді
Достарға айту
Әуе тасымалдаушылары жолаушыларға рейстің кешігуі туралы ескертуге және оларды тамақпен, тұрумен және трансфер қызметтерімен қамтамасыз етуге міндетті
Астана. 31 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 2021-2022 жылдар кезеңінде, жолаушылардан түскен өтініштерге сәйкес жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, жолаушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормаларды күшейтуге байланысты жүйелі жұмыс жүргізді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство 2022 жылдың 29-шы желтоқсанында "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңға тиісті түзетулер мен 2023 жылдың 14-ші наурызында Жолаушыларды, жолжүгін және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілгенін еске салды.
Соған сәйкес:
1) Авиакомпаниялардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту үшін "рейс мәртебесін өзгерту" ұғымын енгізу. Бұған дейін жылы тамақ ұсыну, қонақ үйде күнелту және оған барып қайту қызметтері рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда ғана беріліп келгенін атап өткен жөн. Енді тасымалдаушылар жоғарыда аталған қызметтерді рейстің ұшып келу уақытына немесе бағытына әсер ететін кез келген өзгерістер кезінде ұсынуға міндетті.
2) Егер де жолаушы авиакомпанияның қызметін пайдалануға шектеуі (осыған дейін аталған норма болмаған) тұлғалардың тізімінде болған жағдайда тасымалдаушының бастамасымен әуе тасымалы тоқтатылуы мүмкін. Аталған норма "қара тізімдегі" деструктивті жолаушыларға байланысты енгізіліп отыр. Авиакомпания жолаушының іс-әрекеттерінен әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері байқалған жағдайда ғана қара тізімге қосуға құқылы.
3) Жолаушыны жеке телефон нөмірі мен электронды поштасы арқылы рейстің кешігуі, сондай-ақ оның бұл жағдайдағы құқықтары туралы міндетті түрде хабардар ету (бұл норма қарастырылмаған еді). Бұған дейін мұндай жұмыс ерікті түрде жүргізіліп келді. Бірақ жекелеген компаниялар бұл тәжірибені мүлдем ұстанбаған, ал кейбір жағдайда ақылы негізде қызмет көрсеткен.
Бұл ретте авиакомпаниялар рейс мәртебесінің өзгеруі мен жаңа ұшу уақытының себептері туралы немесе жаңа маршрут жөнінде хабарландырудан бөлек, аталған өзгерістер тасымалдаушының кінәсінен иә болмаса ұшақтың кешігуінің салдарынан орын алған жағдайда рейс мәртебесінің өзгеруіне байланысты ұсынылатын қызметтер тізбесі жөнінде тасымалдаушы ұйым жолаушыларды құлағдандыруға міндетті екенін айта кеткен орынды.
Осыған байланысты еліміздің авиациялық билігі жолаушылардан билеттерді сатып алу кезінде жеке байланыс мәліметтерін (ұялы нөмір мен электронды мекенжайды) көрсетуін сұрайды.
4) Тасымалдаушы ұйымның кесірінен рейс мәртебесі өзгерген жағдайда қызмет көрсету мен 3% мөлшерінде айыппұлды төлеу түрінде әуе компаниялардың жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ айыппұл өтелмеген жағдайда әкімшілік жауапқа тартудың жолдарын қарастыру (бұған дейін бұл тәртіп болмаған). Жүргізілген талдау жекелеген қызмет ұсынушының жолаушыларға өтемақыны уақтылы төлемейтінін көрсетті. Өкінішке қарай, авиакомпаниялардың ұшу күнінен бастап 6-7 ай көлеміне дейін өтемақыны төлемеген фактілер тіркелген. Жоғарыдағы норма рейсті кешіктіргеніне байланысты өтемақыны уақтылы төлемейтін ұйымдарға тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
5) Рейстің мәртебесі 5 сағат артық уақыттан кейін өзгерген кезде қаражатты толық қайтару немесе қайта брондау құқығын енгізу. Осыған дейін тиісті заңда билет ақшасын қайтару рейс 10 сағаттан артық уақыт асқан жағдайда ғана толық көлемде өтеліп келді. Алайда 10 сағат өткеннен кейін әуе тасымалының өзектілігі жойылып кететіні ескеріліп, бұл уақыт 5 сағатқа дейін қысқарды.
Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі алдағы уақытта келіп түсетін өтініштерге талдау жүргізіп, қажет болған жағдайда халықаралық стандарттар мен әлемдік үрдісті ескере отыра осы бағыттағы заңнаманың талаптарын қайта қарайтын болады", - деп атап өтті ИИДМ.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жолаушылар әртүрлі әуе компаниялар тарапынан рейстердің тұрақты кешігуіне жаппай шағымданды. Кейде рейстер бір күнге кешіктірілген, кейде мүлдем тоқтатылған еді. Осылайша, Air Astana әуе компаниясына рейстерді кешіктіргені үшін бір айда алты рет айыппұл салынды. Ал SCAT әуе компаниясының жолаушылары рейстің жарты сағатқа кешігуіне байланысты автобуста қамалып қалды. Жалпы, тұрақты бұзушылықтар үшін қазақстандық әуе компанияларға 24,5 млн теңге айыппұл салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2023, 10:38 15426
Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар Тоқаевты Наурызбен құттықтап жатыр
Түркия Президенті, Татарстан Республикасының Раисы, ШЫҰ бас хатшысы және Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы ҚР Президентіне өз құттықтауларын жолдады
Достарға айту
Астана. 31 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттер және халықаралық ұйым басшыларынан құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоған өз құттықтауында көктемнің жаршысы - Наурыз Орталық Азиядан Балқанға дейінгі алып кеңістікте тойланатын ортақ дәстүр мен молшылық мейрамы екенін атап өткен.
Осы ортақ дәстүрімізді сақтау және оны кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде тойланатын Наурыз мерекесі - достығымыз бен бауырластығымыздың жарқын көрінісі", - деп жазылған Түркия Президентінің жеделхатында.
Татарстан Раисы Рустам Минниханов та бауырлас татар халқының атынан жүрекжарды тілегін жолдаған.
Ежелден келе жатқан әрі ешқашан ескірмейтін, сондай-ақ өзіне тән жаңару рухын, жасампаздық қуаты мен қуанышын ала келетін Наурыз мерекесі қазақ-татар халықтарының дамуына, өзара ынтымақтастығының кеңеюіне жол ашсын деп тілеймін", - деп жазылған жеделхатта.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин өз құттықтауында Наурыз мерекесінде дәріптелетін татулық, табиғатпен етене жақындық және адамдар арасындағы сыйластық күллі адамзат баласының құндылығы екенін айтқан.
Наурыз ШЫҰ-ға мүше елдер мен халықтардың мәдени әралуандығын сақтауда және олардың тату көршілік қарым-қатынасын, достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда маңызды рөл атқарады. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді атсалысуымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Наурыз халықаралық күні туралы қарар қабылдағанын айрықша атап өткім келеді. Бұл осы мейрамның жаһандық деңгейдегі маңыздылығын білдіреді", - деп жазған ұйымның бас хатшысы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысын Наурыз мерекесімен Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазаде құттықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2023, 17:43 23771
Саусақ іздері қазақстандықтардың паспорттарында пайда болуы мүмкін
Сурет: Pexels.com
Достарға айту
Құжат жобасы 2023 жылдың 13 сәуіріне дейін қоғамдық талқылау үшін қолжетімді
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары әзірленді.
Құжаттың жобасы 2023 жылғы 13 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады және мынадай деректерді:
- тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
- туған күнін, айын, жылын және жерін;
- жынысын;
- қай ұлтқа жататынын - осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;
- азаматтығын;
- фотосуретін;
- құжатты берген органның атауын;
- құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;
- құжаттар иесінің қолын;
- жеке сәйкестендіру нөмірін (босқынның куәлігін қоспағанда);
- он алты жасқа толған және одан асқан, сондай-ақ "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жағдайларда он екі жастан бастап он алты жасқа дейінгі құжат иесінің қол саусақтарының іздерін қамтиды.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган жеке басты куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде ресімделген Қазақстан Республикасы азаматының паспорттарын қоспағанда) алуға өтінім берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етеді.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган жеке басты куәландыратын құжаттарды алуға өтінім берілген күннен бастап 17 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етеді.
Жол жүру құжатын құжаттандырылатын адам есепке алынған жердегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатты алуға өтінім берілген күннен бастап 17 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және ол иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етіледі.
Цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және уәкілетті органға ұсынылатын жеке басты куәландыратын құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.
ҚР азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі ресімделген күннен бастап жеделдетілген тәртіппен Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында - бір жұмыс күніне дейін, облыс орталықтарында - үш жұмыс күніне дейін, облыстардың аудандары мен қалаларында - жеті жұмыс күніне дейін беріледі.
ҚР азаматтарының қалауы бойынша жеке басты куәландыратын құжаттар да жеделдетілген тәртіппен ресімделген күнінен бастап үш жұмыс күніне дейін (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында) және бес жұмыс күніне дейін (облыс орталықтарында) беріледі.
Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға:
1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады);
2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
3) мынадай құжаттардың біреуін:
- туу туралы куәлікті (16 жасқа дейін паспорт алған кезде);
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (паспортты ауыстырған кезде);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (16 жасқа толуына байланысты паспортты алғаш алған кезде);
- ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты паспорт алған кезде);
- Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлікті (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) жеке ұсынады.
Еске салайық, қаңтарда Ішкі істер министрлігі Қазақстанда 2024 жылға дейін міндетті түрде саусақ іздерін алуды (дактилоскопияны) тоқтатқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2023, 16:36 24331
Қазақстанда балық аулауға тыйым салынды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Уылдырық шашу кезеңіне тыйым салынды
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның кейбір су айдындарында балық аулауға тыйым салды.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
- Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта.
- Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 25 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
- Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары , сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
- Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерінде және су ағындарында 5 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
- Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 10 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
- Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 5 сәуірден 5 маусымды қоса алғандағы аралықта;
- Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
- Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының (ҚХР) мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, 25 наурыздан 5 шілдені қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Аталған бұйрықпен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдерінде:
1) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
- Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде 6 маусымнан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
- Іле өзенінің атырауында 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
- Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 6 шілдеден 24 наурызды қоса алғандағы аралықта.
2) Кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
3) Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта. Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 9 маусымнан 24 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
4) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын өзендерде және су ағындарында 21 мамырдан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
5) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құймалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 2 маусымнан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленеді.
Бұйрық 2023 жылғы 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, кеше Атырау облысында браконьерлерден 400 келіден астам бекіре балығы тәркіленді. Олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған дейін Маңғыстау облысында полицейлер 120 келіден астам бекіре тәркілеген.
Биыл Каспий маңы елдері бекіре балық аулауға мораторий мерзімін ұзартты. Балық аулауды тек ғылыми-зерттеу мақсатында жүргізу жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2023, 12:37 24831
Премьер-Министр Қазақстан Үкіметінің алдағы жұмыс жоспарлары туралы айтты
Ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады
Достарға айту
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Үкіметтің алдағы жұмыс жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Ең алдымен, біз Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын және "Amanat" партиясының бағдарламасын іске асырамыз. Сонымен бірге басқа да партиялар мен депутаттардың, бизнес-қауымдастықтар мен азаматтардың сындарлы ұсыныстарын ескеретін боламыз", - деді Премьер-Министр.
Ол орта мерзімді кезеңде экономиканың өсімін 5%-ға дейін жеткізу, осы жылдың аяғына дейін инфляцияны 2 есе төмендету - аса маңызды міндет екенін атап өтті.
Премьер-Министрдің айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау және бизнес-климатты жақсарту жөніндегі кешенді шаралар, сондай-ақ бизнестің түйткілді мәселелерін шешу, халықты жұмыспен қамту және азаматтарымыздың нақты табысын өсіру - негізгі бағыттардың бірі.
Экономиканы әртараптандыруға, ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге және қосылған құны жоғары шикізаттық емес тауарлар өндірісін ұлғайтуға басымдық беріледі.
Ел экономикасына, бірінші кезекте, өңдеуші салаларға ауқымды инвестициялар тарту бойынша шаралар қабылданады. Ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс атқарылады", - деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар энергетика саласын дамыту және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері өте маңызды.
Ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. "Тариф орнына - инвестиция" бағдарламасын іске асыру электр және коммуналдық желілердің тозуын төмендетуге мүмкіндік береді. "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту кеңейтіледі", - деді Әлихан Смайылов.
Көлік және логистика саласында, Премьер-Министрдің айтуынша, өткізу қабілетін арттыруға және халықаралық дәліздерді дамытуға басымдық беріледі.
Білім беру және денсаулық сақтау салаларында қызметтердің тиімділігі мен сапасын жақсарту, сонымен қатар цифрландыруды әрі қарай жалғастыру және мемлекеттік бірыңғай цифрлық платформаны енгізу біздің жұмысымыздың маңызды бағыттары болады.
Үкіметтің алдында қойылған міндеттерді шешу үшін тиісті шаралар қабылданады. Парламент депутаттарымен өзара бірлесіп, үйлесімді және нәтижелі жұмыс жасаймыз деп сенім білдіремін", - деп сендірді Әлихан Смайылов.
Еске салайық, Смайылов қайтадан ҚР Премьер-Министрі қызметіне кірісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2023, 11:51 30121
Смайылов қайтадан Қазақстанның Премьер-Министрі қызметіне кірісті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мәжілістің 82 депутаты ұсынылған кандидатураға өз дауыстарын берді, жетеуі қарсы болды және сегіз депутат қалыс қалды
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мәжіліс депутаттары Әлихан Смайыловтың Қазақстан Премьер-Министрі лауазымына кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Мәжілістегі пленарлық отырыста сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың Премьер-Министр лауазымына кандидатурасын ұсынды.
Дауыс беру барысында Мәжілістің 82 депутаты ұсынылған кандидатураға өз дауыстарын берді, жетеуі қарсы болды және сегіз депутат қалыс қалды.
Мемлекет басшысы Смайыловты ҚР Премьер-Министрі қызметіне қайта тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996 жылы - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1993-1999 жылдары - "А-Инвест" инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.
1999-2003 жж. - ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
2003-2006 жж. - ҚР сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы.
2006-2009 жж. - ҚР қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ҰБХ президенті.
2009-2014 жж. - ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
2014-2015 жж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.
2015-2018 жж. - ҚР Президентінің көмекшісі.
2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін - Қаржы министрі.
2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі қызметіне тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.
2023 жылғы 30 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2023, 11:42 30311
Тоқаев ағымдағы жылы инфляция деңгейін екі есе төмендетуге тапсырды
Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды, деді Президент
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде ағымдағы жылы елдегі инфляция деңгейін екі есеге төмендетуге тапсырды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту - негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту, аумақтық саясаттың жан-жақты ойластырып жүргізу, адам капиталының сапасын дәйекті әрі жүйелі түрде арттыру және мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта қарап, оны жаңғырту мәселелеріне тоқталды.
Еске салайық, Мемлекет басшысы 1 қыркүйектен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға берілетін жәрдемақыны көбейтуді тапсырған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2023, 10:36 30481
Қазақстан Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды
Президент ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды
Сурет: Primeminister.kz
Достарға айту
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына "AMANAT" партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Мәжіліс сайлауында жеңіске жеткен партияға ел Премьер-Министрі лауазымына кандидатура ұсынуға мүмкіндік берді.
30.03.2023, 11.45 толықтырылды
Мәжілістегі пленарлық отырыста сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың Премьер-Министр лауазымына кандидатурасын ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
27.03.2023, 09:40Қызылорда облысында күріш өңдейтін кәсіпорындар бағаны көтеру фактісі бойынша тексерілуде 30.03.2023, 10:36 30476Қазақстан Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды30.03.2023, 11:42 30306Тоқаев ағымдағы жылы инфляция деңгейін екі есе төмендетуге тапсырды30.03.2023, 11:51 30116Смайылов қайтадан Қазақстанның Премьер-Министрі қызметіне кірісті27.03.2023, 11:13 26011Астананың біріккен мұражайлар дирекциясында 9,5 млн теңге бюджет қаражаты ұрланған
03.03.2023, 11:22 91076Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды03.03.2023, 10:34 87521Қазақстанда банкроттыққа өтінімдерді қабылдау басталды02.03.2023, 12:45 87426Қаржы министрлігі доллардың құлдырауына байланысты бағаның төмендеуін болжап отыр20.03.2023, 10:09 81671Президент Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды03.03.2023, 10:04 80916Дизель отынының бағасы бір жылда 16%-ға өсті