27.04.2010, 15:02 3529

Ғаламдық қауіпсіздікті нығайту мәселесінде халықаралық ынтымақтастыққа балама жоқ - Нұрсұлтан Назарбаев

Ғаламдық қауіпсіздікті нығайту мәселесінде халықаралық ынтымақтастыққа балама жоқ - Нұрсұлтан Назарбаев

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қазір әлемде қоршаған орта ахуалының нашарлауына, күн райының жылынуына, табиғи ресурстардың түгесілуіне, егістікке жарамды жерлер көлемінің азаюына, ауыз су тапшылығына қатысты бірқатар тауқыметтер бар. Қазір ешбір мемлекет, тіпті ең мықты ел жеке дара қауіп-қатерді жалғыз жоя алмайды. Ғаламдық қауіпсіздікті нығайту мәселесінде халықаралық ынтымақтастыққа балама жоқ. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан IX Еуразиялық Медиафорумның ашылуында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Илемде алдын-ала болжап білуге болмайтын түрлі алапат зілзала атаулы көбейді. Гаити, Чили мен Қытайдағы жер сілкіністері көптеген құрбандықтар мен қирауларға алып келді. Жуырда ғана Исландиядағы жалғыз вулканның оянуы бүкіл халықаралық әуе тасымалына қандай нұқсан келтіргеніне өзіміз куәгер болдық",- деді Қазақстан президенті.

"ХХІ ғасырда әлем күрделі сынақтарға тап болуда. Технологиялық прогресс ғаламдық қауіпсіздіктің осал тұсын көрсетті, әлемге жаңаша қауіп- қатерлер төнуде. Көптеген мемлекеттер өрши түскен кедейлік, қайыршылық және дерт-кесел атаулыны жоюда дәрменсіз. Жер бетіндегі аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңсіздік күшейе түсуде. Ғаламдық қаржы дағдарысы жағдайды ушықтыра түсті",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, былтыр әлемдегі жұмыссыздар саны 212 миллионға жетті. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда шектен тыс өсім. Екі жыл бұрын жұмыссыздар саны 34 миллион еді. Бүгінде бірқатар мемлекеттерге банкроттыққа ұшырау қаупі төніп тұр, жан бағудың көзін өз елдерінен тысқары жерлерден іздейтін заңсыз мигранттардың саны өсе түсуде. Қазақстанда осындай жүздеген мың еңбек мигранттары жүр. Бұл олардың өздері келген елдегі әлеуметтенуінде қиындықтар тудыруда",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "Қазақстанда толыққанды дағдарысқа қарсы бағдарлама жүзеге асырылды. Оны табысты болды деп мойындап отыр". "Біздің елімізде бір де ірі кәсіпорын жабылған жоқ, біз жұмыс орындарының қысқаруына жол бермедік. Керісінше, біз жұмыссыздықты азайтып, тек өткен жылы жаңадан 400 мыңнан астам жұмыс орнын құрдық", - деді Н. Назарбаев.

"Қазір әлемнің 40 мемлекетінде түрлі қарулы қақтығыс бар",- деді Қазақстан президенті. "Илеуметтік түйткілдерді шешуге арналған қаржы қару-жарақ пен әскери бағдарламаларға, қарудың жаңаша түрлерін жасап шығаруға жұмсалуда. Ядролық қарудың қадағалаусыз таралуы олардың лаңкестердің қолына түсіп кету мүмкіндігін арттыруда, бомбаларды қолдану қаупі зор",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны