18.04.2014, 19:30 3223

Халықаралық әскери бақылаушылар Қазақстанда болды

Іс-шара ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының ережелеріне сәйкес өткізіліп отыр, деп Қорғаныс министрлігінен хабарлады.

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan today. Франция, Бельгия және Нидерландыдан келген әскери бақылаушылардың инспекциялық тобы Қазақстан аумағындағы "көрсетілген ауданда" инспекция өткізді.

Іс-шара ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының ережелеріне сәйкес өткізіліп отыр, деп Қорғаныс министрлігінен хабарлады.

Семей, Аягөз гарнизондарының бөлімдерін инспекциялау барысында инспекциялық топпен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор М. Бектанов кездесті.

Искери бөлімдерде болған халықаралық инспекторлар біздің еліміздің Вена құжатының ережелерін толықтай орындайтындығын растады, бұл Қазақстанның халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде өзіне алынған міндеттемелерді қатаң сақтайтындығын кезекті рет дәлелдеді.

Шетелдік инспекторлар қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсіпқорлығы мен жауынгерлік дағдысын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны