09.09.2024, 15:27 21506

Халықтың кредиттері бойынша проблемалық берешектері ағымдағы жылғы бір айда 738 млрд теңгеге дейін ұлғайды

Халықтың кредиттері бойынша проблемалық берешектері ағымдағы жылғы бір айда 738 млрд теңгеге дейін ұлғайды
Халықтың кредиттері бойынша проблемалық берешектің өсуі байқалады, олардың үлесі ағымдағы жылғы бір айда 738 млрд теңгеге дейін 3,8%-дан 3,9%-ға дейін ұлғайды (01.07.2024ж. - 700 млрд теңге), деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы шілдеде 2,2%-ға ұлғайып, 18,7 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бастап 12,3%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттер құрылымында тұтынушылық қарыздар 12,0 трлн теңгеге дейін 3,1%-ға ұлғайды.

Ипотекалық кредиттер 5,6 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға ұлғайды. Тұтастай алғанда, ипотекалық кредиттеу және тұрғын үй нарығының 2023 жылы айтарлықтай қысқарғанынан кейін 2024 жылдың басынан оның қалпына келуі байқалды. 2024 жылғы 7 айда жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,0 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға артық. Көрсеткіштің ұлғаюы жеңілдікпен ипотекалық қарыздар беру көлемін өткен жылдың деңгейінде сақтай отырып, нарықтық жағдайларда ипотекалық қарыздар берудің өсуіне байланысты болып отыр.

2024 жылғы шілдеде халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,3%-ды (2024 жылғы маусымда - 17,5%, 2023 жылғы желтоқсанда - 16,8%) құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны