03.11.2021, 16:43 126256

ІІМ басшысы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылыққа кімдер түсетінін айтты

ІІМ басшысы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылыққа кімдер түсетінін айтты
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 3 ҚАРАША - Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Заң жобасы мемлекеттің және азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарды, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік қауқарсыз санаттарын жазадан босатуға мүмкіндік береді.
 
ҚР Праламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын таныстырған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазасы жеңілдеп, қамаудан босайтын адамдардың нақты санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Жоба бойынша, біріншіден, 2 236 сотталушыға, 11 310 пробацияда тұрған адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде 1 000 адам қамаудан бостандыққа шығады. 3 818 адам пробациялық бақылаудан босатылады", - деді министр.


Сондай-ақ, ол заң бойынша аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарға рақымшылық жасауға тыйым салынғанын атап өтті.
 

Екіншіден, 1 294 сотталушыға, 7 294 пробацияда тұрған адамдарға жаза мерзімі қысқартылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі өндірістегі 5 000 мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1 674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1 471 адамға сот органдары жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады", - деп қосты министр.

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны