08.09.2023, 16:49 49701

ҰҚК биыл Қазақстанда екі терактінің алдын алды

Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш затты жарып жібермек болған
ҰҚК биыл Қазақстанда екі терактінің алдын алды
Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл елімізде екі терактінің алдын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Комитет төрағасының бірінші орынбасары Руслан Сейсембаев күш құрылымдары Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі терактінің алдын алатындығын мәлім етті.

Биыл ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш затты жарып жібергісі келгендердің әрекеті дайындық кезінде анықталды, терактіге жол берілмеді. Сондай-ақ Астанада адам көп жиналатын жерде қарулы шабуыл жасау жоспары болған. Оған да жол берілген жоқ", - деді Сейсембаев ШЫҰ терроризмге қарсы құрылымның 40-шы кеңесінде.


Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үшін террористік қауіптер бірқатар "басым факторлардың әсерінен" туындап отыр. Ондай қауіптер күрт көбейген.

2022 жылы 18 (теракт - ред. ), 2023 жылы 47-ге жетті. Террористердің қолынан 400-ден астам бейбіт азамат қаза тапты, шамамен 940 адам жарақат алды", - дейді Сейсенбаев.


Күш құрылымдары мен ішкі істер органдары 300-ден астам терроризмге қарсы операция өткізді. 1 600 террорист пен олардың сыбайластары ұсталды. Билікке қарсы қарсылық көрсеткен 60-қа жуық қылмыскердің көзі жойылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны