24.04.2014, 20:56 13520

Кәрім Мәсімов Түркияның экономика министрімен кездесті

Кездесу кезінде Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің ауқымды мәселелері талқыланды, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекчимен кездесті.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің ауқымды мәселелері талқыланды, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Экономиканың басым салаларындағы екі жақты іс-қимыл аспектілері және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту перспективалары қаралды.

Кәрім Мәсімов Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастың жоғарғы деңгейде екенін атап өтті. Үкімет басшысы екі елдің өзара сауда айналымын арттыру үшін әлеуеттерін толық пайдалануы қажеттігіне тоқталды.

Өз кезегінде, Н.Зейбекчи екі ел арасындағы қарым-қатынастың ырғақты сипат алғанын атап, Қазақстан мен Түркияның іскерлік әріптестігін одан әрі тереңдете түсуі керектігін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны